Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскерге шақырылған жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

22 жастағы  Медетхан Серімбет 7 қараша күні жұмысқа кетіп, сол күйі оралмаған. Пойызбен Қызылордадағы үйіне аттануы тиіс жігіттен екі айдан бері хабар ошар жоқ. Полиция оның ұялы телефонын ғана тапқан. Сары уайымға түскен ата-анасы еріктілерден көмек сұрап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Екі айдан бері зар илеп отырған Жанар Әлмұратова ұлын іздеп бармаған жері жоқ. Оның айтуынша, сол күні баласы Алматыдан Қызылордаға қайтуы керек болатын. Анасымен таң ертенгі сағат ондардың шамасында сөйлесіп , пойызбен жететінің айтқан. Бірақ содан кейін ұлы байланысқа шықпапты.

“Медет, жаным,  көкем қайтшы ауылға, сағындық сені.Алматылықтар баламды көрген білгендер болса өтініш бір хабар беріңізші. Үйде әкесі күтіп отыр,ол да науқастанып отыр”, – дейді анасы Жанар Әлмұратова.

Медетхан осыдан 1 жарым жыл бұрын Алматыға ақша табуға келіпті. Түрлі көлік жөндеу орталықтарында жұмыс  істеп, әпкесінің үйінде тұрған. Анасының айтуынша, оның  хабар ошарсыз кететін әдеті жоқ. Үй ішіне “жолға шықтым” деп хабарласқанынан соң екі күннен кейін көлік жөндеу орталығындағы жора- жолдастарымен кездесіпті.

“Екі күннен кейін келді.Осы жерде бір сағаттай жүріп, барлығымен қоштасып, үйіне кетіп бара жатқанын айтты.Ал алдында алған поездына үлгере алмай ,билетін қайта ауыстырып енді кетіп  бара жатырмын деді. Тіпті оны осы маңдағы букмекерлік кеңселерде де көргендер бар”, – дейді ТЖО жұмысшысы Евгении Василеев.

Алайда, оның  темір жол көлігіне билет алғаның Ішкі істер департаменті жоққа шығаруда. Олардың айтуынша Медетхан темір жол билетін мүлдем сатып алмаған. Ал баланың ұялы телефонын букмекерлік кеңселердің бірінен тауыпты.

“Шың мәнінде ол жігіт темір жол билетін тіпті сатып алмаған да. Арнайы база арқылы тексеріп көрдік. Оның қолында мүлдем болмағанда. Ол баланы шет шетте көрген адамдар бар. Букмекерлік орталықтарды паналайтын бала екен”, – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бір қызығы Медетхан жоғалмас бұрын оған әскер қатарына шақырту келіпті. Соған уайымдап жүрген екен. Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Ал қайғырған ата-ана еріктілерден көмек сұрап, ел болып іздеуді өтініп отыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттік қыз құдалықта кигізілетін “киіттің” кесірінен тұрмысқа шыға алмай жүр

Қызылордада қайтыс болған кісінің жанынан жұбайын жерлеуге орын қалдыратын болған

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

Қостанайлық қария бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр (фото)

Жалғызбасты әке төрт баласымен өлместің күнін кешуде

Талқылау