Алматыда Артур Төлеповтің үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)
Жақында ғана қолына ақ құсын қондырған актер Артур Төлеповтің үйлену тойы күні кеше Алматыда дүркіреп өтті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Өнер иесінің үйлену тойына шоу-бизнес жұлдыздары қатысқан.

Олардың қатарында Тәуекел Мүсілім, Серік Ибрагимов, Нұржан Керменбаев және тағы да басқа танымалдар бар.

Тойды белгілі тележүргізуші әрі асаба Нұржан Аташ жүргізген.

Төлеповтің үйлену тойы Алматының символы саналатын “Қазақстан” қонақ үйінде өткен.

Айта кетейік, Артурдың келіншегі Мәдина Қарағанды облысының тумасы. Алматы технологиялық университетін тәмамдаған бойжеткеннің ұзату тойы 20 маусым күні өткен болатын. Күні кеше Артур келіншегі Мәдинаның бояусыз түрін көрсетіп, жұртты сүйсіндірген еді.
"Ауырып қалса, жауапты біз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді
Қазақстандық мұғалімдерді жаңа Конституцияны қолдауға ешкім мәжбүрлеген жоқ – Министрлік
Ал бұл қарсылыққа жергілікті билік пен министрлік жауап берді