Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қызды құмарын қандыру үшін пайдаланған: Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға

#Немолчи.KZ жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының көшбасшысы, құқыққорғаушы Дина Таңсәрі (Смаилова) жыныстық құлдықта болған кәмелет жасқа толмаған алматылық қыздың оқиғасын айтып берді. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды

Таңсәрінің айтуынша, бала туыстарының зорлығына ұшыраған.

“9 жасында туысы зорлаған қыздың апасы келді. Осы отбасының оқиғасы мені таңғалдырды. Есімдерін атамаймын, медициналық құжаттар бар, қылмыстық іс те, азаматтық іс те қозғалған, сотқа барды. Яғни, жалған оқиға емес. Бұл барлығы білуі тиіс біздің өміріміздің шындығы”, – деп жазды құқыққорғаушы.

Таңсәрінің сөзінше, туыстарынан зорлық көрген қыз осы оқиғаны айтқан әйелдің немере қызы. Қыздың әкесі 2012 жылы қайтыс болған, 2014 жылдан бастап ол әжесімен бірге тұрады.

Қыздың зорланғаны туралы оқиға 2014 жылдың аяғында белгілі болды. Ол қатты ауырып, гинекологқа тексертуге апарған. Дәрігер оның қыздық пердесі ашылып кеткенін анықтады. Ультрадыбыстық тексеруден қыздың ішкі ағзалары мен жатырына зақым келгені байқалған.

“Зорланғаны туралы анықталған кезде, қыз анасының үйінде тұрғанда болған сұмдық оқиғаны есіне түсірді. Анасы қызына екпе жасап, бір жаққа апаратын болған. Оның есінде тек қақпадан кіргені және өзінің төсегінде оянатыны қалған. Анасы қыздан “Түнде не болғаны есіңде ме?” деп сұрайтын болған. Бірақ қыз ештеңе есіне емес екенін айтқан. Осыны естіген әжесі анасының қызды педофилдерге апаратынына күдіктенген. (…) Қыз анасының ер адамдар көп белгісіз пәтерлерге апарып, оларға арақ құюға мәжбүрлегенін айтқан. Анасы оған сол ер адамдардың қалтасынан қалай ақша ұрлау керегін де үйреткен”, – деп жазды Таңсәрі.

Әжесінің айтуынша, қызды 9 жасында анасының інісі зорлаған болып шықты.

“Қыста ол мектептен келіп, киімін ауыстырып, далаға шығып кетті. Сол кезде қызды бір ер адам шақырып, қолын байлап, сарайға апарған. Қызды сарайдың бұрышына жатқызып, зорлап, байланған күйінде сол жерге тастап кеткен. Қыз біраз уақыт жылап, қолындағы жіпті шеше алмаған. Кейін қалай да жіпті шешіп алып, киімін киместен үйге кірген. Бала қатты қорқып қалған, қан аяғына дейін аққан. Ол төсекке жатып, киімін киместен сол күйінде ұйықтап қалған. Кешке анасы келеді. Қыз үстіндегі көрпені ашып анасына аяғын көрсетіп, болған оқиғаны айтып берген. Анасы “Ешкімге айтпа, әйтпесе сені ешкім жақсы көрмей қалады”, деген. Қыз оның айтқанына төзіп жүрген”, – құқыққорғаушы өзіне айтылған оқиғаны осылай жеткізді.

Осыдан кейін полицияға арыз жазылып, іс 3 рет жабылған, бала 6 рет сараптамадан (медициналық, психологиялық) өткен.

Әлі күнге дейін анасы аналық құқығынан айырылмаған. Оның зардап шеккен қызынан бөлек, екінші қызы бар.
“Әжесі қызды қамқорлығына ала алған. Бірақ патронаттық ақша және көмек алмайды. Олар зейнеткер болғандықтан, дәрі-дәрмекке көп ақша жұмсайды. Дәріге айына 100 мың теңге кетеді екен. Полиция қыздың куәліктерін жеткіліксіз деп санайды, бірақ психологиялық сараптама баланың оқиғаны ойдан құрастырмағанын анықтады. Тергеуші психологиялық сараптаманы қабылдамады, «жалған детекторды» қабылдамады, бейнежазбамен және психологиялық бағаны қараудан бас тартты. Түркісіб аудандық ІІБ істі жапты. Кейін, әжесінің арызы қалалық ІІД-де қайта қаралды“, – дейді Таңсәрі.

Қазіргі уақытта іс балалар құқығын қорғаушы Зағипа Балиеваның бақылауында. Бас Прокуратураға, ІІМ мен БжҒМ-не тергеудің мұқият өтуі сұралып, хат жіберілді.

Тағы оқыңыз:

Бауыржан Байбек ақауы бар деп алдағы жөндеуге ұсынылған көшелердің суретін көрсетуді талап етті

21 жастағы егіз қазақ жігіттер ұшақ басқарып жүр

ОҚО-лық прокурор алған парасының жартысын қайтарып жатқан жерінен ұсталды

 

 

Талқылау