Алматыда ұрлықшы әйел телефонды балалар арбасынан суырып алды (видео)
Алматыдағы дүкендердің бірінде қалың адамның арасында ұрлықшы әйел еш қымсынбастан нәресте арбасының ішінен бағалы телефонды суырып алды. Ақпарат Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланды.
Телефонды ұрлаған әйелдің жасаған қылмысы дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ұрлықшы әйелді жүзін анық көруге болады. Парақшада жарияланған ақпараттың мәтіні төмендегідей:
«Мына сәтті өз парақшаларыңызда бөлісе аласыздар ма? Халық кімнен сақтану керектігін білсін. Небәрі бірнеше секундтың ішінде ұрлықшы әйел баламның арбасынан телефонды суырып алды. Ол әйел туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз 87018000450 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз».
Stan.kz тілшісі аталған нөмір бойынша хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтады. Оқиға кеше күндізгі сағат 14.30 шамасында Алматыдағы Жібек жолы-64 (Қонаев көшесімен қиылысы) мекен-жайында орналасқан дүкенде орын алған. Ұрланған Iphone 6 маркалы смартфоны Екатерина Вартанова есімді қала тұрғынына тиесілі. Екатеринаның жолдасы Владимир Вартанов телефонның ұрланғанын сол сәтте-ақ байқағандарын, алайда әккі ұрының тез арада ізін суытқанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанның қай қала тұрғындары ең жомарт жандар?
Шығыс Қазақстан тұрғыны шатасып әйел шалбарын ұрлап алды
Хеллоуинге арналып әзірленген декорация Ақтөбе тұрғындарын шошытты
Қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел не себепті мұндай әрекетке барғанын айтты (видео)