Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 77 жастағы қария шұңқырға құлап, мерт болды

Алматыда жасы 80-ге жақындаған зейнеттегі қария жол бойындағы шұңқырға құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

tn_203093_12516cbff8bf

Адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға 9 тамызда Әуезов ауданындағы «Достық» шағын ауданында болған.

«Іс материалдарына сәйкес, 77 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарына қазылған шұңқырға құлап кеткен. Алған жарақатынан қария 2 күн өткен соң №7 қалалық ауруханасында қаза болды. Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді», – деді баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тергеу ісі жүріп жатыр. Атап өтейік, қария құлаған жерде «Алвис» ЖШС мердігерлік ұйымы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда үш баланың анасы түрмедегі көңілдесі үшін өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Шымкенттік қыз айына ақша салуды талап ететін ауылдағы ата-анасына ренжіді

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

Ресейде құлдықта болған қазақстандықтардың ісінде жаңа айғақтар табылды

Талқылау