Алматыда 6 баланың анасы Алла разылығы үшін мектеп заттарын алып беруге өтініш жазып көмек сұрады
Желіде жалғызбасты көпбалалы ананың жазған өтініш хаты жарияланды. Ол мешіт қызметкерлерінен мектеп жабдығын алып беруін сұраған.
«Менің Алла берген 6 балам бар. Үлкені 14 жаста, кішісі 6 жаста. Пәтер жалдап тұрамыз. Күйеуім екі жыл бұрын тастап кеткен. Жұмыс істеуге денсаулығым жарамайды. Сіздерден Құрбан айт қарсаңызда Алла разылығы үшін мектеп жабдықтарымен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді сұраймын», – деп жазады көпбалалы ана Ашкиева Сәуле өтініш хатында.
«Сіздерден көпбалалы анаға көмек берулеріңізді сұраймын. Ол жақында ғана Алматы қаласындағы Байкен мешітінен көмек сұрап, өтініш хат жазды. Оған мектеп пен азық-түлікке ақша жинау керек. Өтініш хатта телефон нөмірлері жазылған. Алдын ала барлық қайырымды жандарға алғыс айтамын», – деп жазды Талғат Жанғазин есімді желі қолданушысы.
Тағы да оқыңыз:
Балабақшада орыс қызына «әпшу» берген 3 жасар ұлдың үстінен сотқа арыз түсті
8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы облыс әкімінен грант алды
Қазақстандық жастар тойға деп жинаған ақшаларын қайырымдылыққа берді (видео)