Алматыда 5 жасар баланың ішегінен 40 шақты магнит шары шықты
Алматыда 5 жасар баланың ішегінен бір-біріне жабысқан 40-қа жуық магнит шарлар табылды. Бала ауруханға соқырішек ауруының белгісімен түскен. Дәрігерлер шариктің бала ішіне қалай түсетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөліміне іші түйнеп ауырған 5 жасар бала түскен.
«Рентген түсіру барысында оның ішегінің жүрмей тұрғанын көрдік. Сосын ота кезінде ішектің ішінен бір-біріне жабысқан магнит шарларды анықтадық. Олардың жартысы ішектің төменгі жағында орналасса, жартысы жоғарғы жағында магниттер бір-біріне тартылған кезде арасындағы ішек жабысып қалған. Баланың кіндігінен ішекті шығарып алып, бөгде заттарды тазаладық. Ота тіліксіз жасалды», – деді шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев.
Отадан аман қалған бала есін жиды. Қазіргі уақытта ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Оған 4-5 күн шамасында тамақ ішуге тыйым салынады. Баланы тек тамыр арқылы қоректендіріп жатыр.
«Көбінесе балалар гелден жасалған шарлар, губка, ұсақ ойыншықтар, тиын, түйме, ине жұтып қояды. Оның ішіндегі гелден жасалған бұйымдар, магнит, инелер ең қауіпті болып табылады», – деді бөлімнің жауапты хирургі Азат Мамырасыл.
Бөгде зат жұтып қойып ота үстелінен бірақ шығатын балалардың жасы 1-14 аралығында. Былтыр 2 жастағы баланың ішегінен гелбден жасалған шарлар алынды. Тіпті тамақтың арасында балалардың денсаулығы үшін қауіпті түрлері болады екен.
«Балалар көбінесе сүйек бөліктерін жұтып қояды. Жаңғақтар, шемішкенің қабығы өкпесінде, кеңірдегінде тұрып қалады», – деді А.Мамырасыл.
Тағы оқыңыз:
Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі
Маңғыстауда малдардың құтыру дертінің қайдан пайда болғаны анықталды
Қайтыс болған банкир Тәтішевтің телефондағы әр сөзі тыңдалатын болды
Қызылордада құлаған үй: Тұрғындарға 6 ай уақытша баспана беріледі