Алматыда 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған екі полицей ұсталды
Алматыда ірі көлемде пара алған ІІМ-нің қос бірдей қызметкері қолға түсті. Заң қызметкерлері физикалық тұлғадан 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған.
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметінен хабарланды.
“3 қаңтар күні Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Департаменті физикалық тұлғадан 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде полиция подполковнигі Григорьев А. мен ІІМ тергеу департаментінің аға тергеушісі, полиция капитаны Нұрболатов А.-ны ұстады.
Күдіктілер қамауға алынды, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жіберіп алмаңыз:
Елімізде SMS арқылы тіркелген алғашқы сәбиге туу туралы куәлік берілді
Үштөбе тұрғыны сүйіктісімен кездесу үшін көршісінің көлігін ұрлап әкеткен
Адвокат жол ережесіне қатысты ескі айыппұлдарды жою жолдарын атады
Қарағанды тұрғыны баласының перзентхана дәрігерлері кесірінен қайтыс болғанын дәлелдеп берді