Алматыда 3-қабаттан құлаған екі жасар баланың басына пластикалық ота жасалады
Алматыда «Март» сауда ойын-сауық орталығының 3-қабатынан құлаған 2 жасар балаға пластикалық ота жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүлдіршін бүгін үйіне шығарылғанымен Алматы дәрігерлері әлі де 4-5 айлық емделу керек екенін айтты.
«Жарты жыл баланың жағдайын бақылаймыз, жақсы болса басына пластикалық ота жасаймыз. Басына қан құйылғандықтан бірінші отаны басына жасадық. Бас сүйегінің детальдары сақталып тұр. Жағдайы жақсы болғаннан кейін екінші ота жасаймыз. Еске сала кетейік, бізге өте ауыр жағдайда түсті. Қазіргі кезде жағдайы қанағаттарлық. Бұған дейін айтқанымыздай, оған екі ота жасалды. Бірінші, бас сүйегін, екінші, ортаңғы жілігіне жасадық. Қазір гипспен үйіне қайтарылады. Сосын, аяғындағы гипсін шешеміз», – деді Рузуддинов”, – деді Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов.
20 қазан күні Алматы дәрігерлері балаға екінші ота, ортаңғы жілігіндегі сыныққа жасалғанын хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, қазанның 12 жұлдызында Алматыдағы “Март” ойын-сауық сауда орталығының 3-қабатынан 2 жасар бала құлап кеткенеді. Дəрігерлер қойған диагноз бойынша, бала қосарланған жарақат, ашық бас ми жарақатын алып, ортаңғы жілігі сынған əрі кеуде, іш пердесі соғылған. Оқыстан орын алған оқиға Түркісіб аудандық ІІБ “қайғылы жағдай” ретінде тіркелген.
Тағы да оқыңыз:
Құл-Мұхаммед: “Нұр Отанның” қатарына абырой әкелетін, беделді азаматтар ғана қабылданады
Назарбаев RBK банкіндегі жағдай туралы: Ұрылардың бәрі түрмеге жабылады
11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді