Алматыда 23 жастағы жас жігіт жоғалып кетті
Алматыда 23 жастағы жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Жақындары Әлішер Нұрмұхамбетовті 16 маусымнан бері іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жігіттің ұялы телефоны өшірулі. Ол Достық көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істеген. Ата-анасы Талдықорғанда тұрады. Үйіндегі жалғыз ұл Әлішер Алматыға бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге келген. Әке-шешесі Әлішердің өміріне көп араласпайтындарын айтады.
«Соңғы рет әріптестері оны 16 маусымда көрген. Жалақысын алып кеткен екен. Содан оны ешкім көрмеді. Әлішер Алматыда туысқанарымызбен бірге тұрып келді», – деді әпкесі Макира.
Жақындарының айтуынша, Әлішердің ешқандай жаман әдеті жоқ. Достары да жақсы жігіттер.Ата-анасы баласының жоғалғаны туралы полицияға ертең хабарлайды. Олар баласы аман-есен табылар деп үміттеніп отыр.
Тағы да оқыңыз:
Мәдина Балғабаева: Баханың Баянға деген шексіз махаббатының куәсі болдым
Жүрегіне шұғыл донор іздеген келіншек 2 қызы үшін өмір сүргісі келетінін айтып жылады
Алтын алқа иегері: Әншілер отбасыма көмектесетінін айтып,тек өздеріне абырой жинап жүрген сияқты