Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 12 жастағы қыздың асқазанынан үшінші мәрте бір уыс шаш алынды

Фото: №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы

Алматыда 12 жастағы қыздың асқазанынан үшінші рет бір уыс шаш шықты. Оны №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургтары алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Медициналық мекеме мәліметінше, қыз бала хирургия бөліміне ауыр жағдайда түскен. Тексеру барысында дәрігерлер асқазанға толып, ішекке дейін созылған үлкен түзіліс барын анықтаған. Бұл оның өміріне қауіп төндіріп, шұғыл ота жасауды қажет еткен.



Хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Каптағаевтың айтуынша, бұған дейін қыздың екі рет осындай ота жасауы жағдайды қиындатқан. 2021 жылы Шымкентте, 2024 жылы Семейде операция болған. Соның салдарынан іш қуысында тыртықтар пайда болып, ота күрделене түскен.

"Ішкі ағзаларда жабысып қалған жерлер мен тыртықтар болғандықтан, ота жасау қиын болды", - деді ол. 

Фото: №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы

Қауіп жоғары болғанына қарамастан, ота сәтті өтті. Дәрігерлер түзілісті асқынусыз алып тастады. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, ол мамандардың бақылауында.

Дәрігерлердің айтуынша, аурудың себебі трихофагия, яғни шаш жеу әдеті. Емдеу барысында науқаспен психолог жұмыс істеген. Ал ауруханадан шыққан соң қыз психиатрдың бақылауында болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте дәрігерлер баланың асқазанынан бір уыс шаш алып шыққаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 17:36