Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 11 жастағы жеткіншек бірінші рет мектепке барып, қолына қалам ұстады

Алматы облысында жасы 11-ден асқан қыз бала бұған дейін еш жерде білім алмаған. Тіпті туу туралы куәлігі де жоқ. Камиланың анасы бірнеше рет құжат жасатып, баласын мектепке бермекші болған екен. Алайда, еш сәті түспей, сол күйі қала берген көрінеді.

Безымянный

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлайды.

Оның үстіне төленетін айыппұлдан қорықса керек. Ақыры бір шешімге келген Камиланың анасы көмек сұрап Бостандық аудандық кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс істейтін арнайы мекемеге барған.

«Менің қолымда ешқандай құжатым, қызымның туу туралы куәлігі де болмады. Мен бұл үшін айыппұл төлеймін деп ойладым және сол үшін мені ана құқығынан айырады деп қорықтым. Енді жауапты орындардың көмегімен тез арада құжаттарым ретке келіп, баламның білім алуына бар жағдай жасалып жатыр», – деді облыс тұрғыны Елена Куприянова.

Тұрғылықты жері Алматы облысында болғандықтан 11 жасар Камила осы аптадан бастап Мерей ауылындағы мектептің оқушысы атанды. Қазір ол жазу, сызуды меңгеріп жатыр. Мұғалімдер балада ешқандай ауытқу жоқ, тек мектеп бағдарламасын игеріп кетуге біраз уақыт керек, дейді. Қыз баланың ендігі жағдайын халық қалаулысы Зағипа Балиева өз бақылауыма аламын деп отыр. Қазір ол оқуға қажетті құралдармен жабдықталып, ал анасына әлеуметтік көмек көрсетілуде.

«Камила өте сүйкімді, ақылды. Ешқандай кемшілігі жоқ, тек қана бір кемшілік – ол әріп пен есепті білмейтін. Бірақ ол жағдай баланы не балабақшаға, не мектепке апармағандықтан болып отыр. Бір-екі әріпті ғана оқуды біледі. Бірақ қазір бар жағдайды жасасақ,қыз тез, еркін меңгеріп кетеді», – деді Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Оқи отырыңыз:

Балқаш тұрғыны пойызда біреудің баласын себепсіз сабап тастаған

СҚО-да алаяқ әйел дуаны “қайтарған” болып елдің ақшасын ұрлаған

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Канадада қаза тапқан отандасымыздың денесін елге жеткізу созылып кетуі мүмкін

Талқылау