Алматы тұрғыны қоқыс полигонына айналған үйінде тышқандармен бірге өмір сүріп жатыр
Алматыда бір топ тұрғын пәтеріне қоқыс жинайтын көршілерін жөнге сала алмай отыр. Өйткені, қалдықтың қолқа қабатын иісі көпқабатты үйді түгел жайлаған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Мұнда қазір тышқан мен тарақаннан да аяқ алып жүре алмайсыз. Ал, төбеден сорғалағанда, комуналдық сала қызметкерлері 5-ші қабаттағы сасық үйдің есігінен сығалаумен ғана шектеледі екен. Себебі, тау боп үйілген тұрмыстық қалдықтардан пәтерге аттап басу мүмкін емес.
Күн жылынса мына бір көпқабаты үйдің тұрғындарынан маза кетеді. Өйткені, қолқа қабатын иіс, тарақан мен тышқаннан есік-терезені тұмшалап құтылу мүмкін емес. Ал, бәріне кінәлі 5-ші қабаттағы көршілері екен.
“Көршіміз адам сияқты өмір сүруімізге кедергі келтіріп жатыр. Үйі толған қоқыс. Тамақ қалдықтарына дейін тасиды. Иістен тыныстау мүмкін емес”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Александр Гребенюков.
“Төрт жылдан бері тұрам, төрт жыл бойы бізді топит етеді бесінші этаждан. Александр деген кісі Казаков. Үйдің бәрі толған таракан. Тышқандар пайда болды. Топит пастоянна үй бәрі сырость”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Жібек Жүнісбаева.
Күтімнің жоқтығынан құбырлар да әбден тозып, екі күннің бірінде жарылады екен. Ал зардабын төменгі қабаттағы тұрғындар көріп жатыр. Ал Александр ата-анасы өлген соң жалғыз тұрады екен. Ешкіммен сөйлеспейді. Қоқысқа толы пәтеріне де тірі жанды жолатпайды. Бесінші қабаттағы пәтердің есігі ашылғанда шулап жүрген көршілердің мұңын түсіндік. Жиналғандардың бәрі танауын жауып, бір-бір лоқсып алды.
“Пәтеріне сантехниктер кіре алмайды. Қоқыс бастан асады. Су құбырларының бәрі құрыған. Комуналдық қарызының өзі 600 мыңнан асып кеткен”, – дейді пәтер иелері кооперативінің төрайымы Татьяна Усанова.
Жұрт жергілікті әкімдіктен де көмек сұраған. Бірақ, олар учаскелік полицейді жіберумен шектеледі екен. Бұл жолы да солай болды. Тек инспекторды танып алған Александр үйінен шыға салып басқаша сайрады.
“Мен қазір барлықтарыңның алдында уәде берем. Жақын уақытта бәрін қалыпқа келтірем. Сосын таза үйге қонаққа шақырам. Осы уәдемде тұрмасам маған не істесеңдер де өздерің білесіңдер”, – дейді Александр Казаков.
Салақ көршілері мен учаскелік полицейдің уәдесіне тойған тұрғындар енді сотқа жүгініп көрмек. Одан басқа жолды жұрт көріп отырған жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Үшеудің махаббаты: Алматыдағы дөнер дүңгіршегінде сүйіскен екі қыз, бір жігіт жұртты шошытты (видео)
Арыстан бабтың мазары еврей елінде де бар
ШҚО-да шопан тасып жатқан өзенде жанталасып жатып мерт болды