Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Almaty Towers-тегі өрт: Айыпталушылар соңғы сөздерін айтты

Алматыда 5 студенттің өліміне себепші болған өртке қатысты сот отырысы өтті. Онда батут орталығының директоры мен дәнекерлеуші соңғы сөздерін айтты. Олар кінәларын мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жукқа ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы» бойынша айып тағылып отыр.

Дәурен Тұяқов өз кінәсін ішінара мойындайтынын айтты.

«10 айда көп нәрсені түсіндім, түйдім, өмірлік сабақ алдым. Бұл қателікке бой алдыру себебім үлкен тәжірибе мен білімнің жоқтығынан. Нұсқаулық жүргізу қажеттілігі жайында ешкім айтқан жоқ. Менің тарапымнан кеткен кінә – мен барлығын қадағалауым керек еді. Мен ол жайында білген жоқпын. Жазықсыз жандар қаза тапқаны өкінішті. Ия, мен жеткілікті деңгейде дұрыс бақыламадым, бірақ, мені ол үшін 5-10 жылға абақтыға жабу – бұл өрескел қателік. », – деді Д.Тұяқов.

Бұл оқиғаға қатысты құрылыстағы дәнекерлеушілер бригадирі Александр Жук та айыпталуда.

«Өрт сөндіру құралдарының бірі істемей қалуы менің кінәм емес. Есік жабық тұратыны жайында да білген жоқпын. Мен өрт сөндіретін құралмен жұмыс істеуді білмеймін, сондықтан, оны Ниязовқа бердім. Бірақ, ол іске қосылмады. Мен тіпті қаза тапқан балалардың бар екенін де білген жоқпын. Егер, білсем, оларды аман алып қалу үшін бар күшімді салар едім. Соттан мені бес жылға абақтыға жаппауды сұраймын. Өз кінәмді жанама түрде мойындаймын», – деді ол.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қарашасында «Алматы Тауэрс» ғимаратында ірі өрт оқиғасы орын алып, оның салдарынан алты адам көз жұмды. Оның біреуі дәнекерлеуші болса, қалған бесеуі алматылық ЖОО студенттері. 

Тағы оқыңыз:

Жар таңдауда есте ұстауға тиіс 15 кеңес

АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Талқылау