Алматы, Тараз және Шымкентте 3 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді
Қырғызстан мен ҚХР шекарасында болған жер сілкінісі салдарынан Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында магнитудасы 2-3 баллдық жер асты дүмпі тіркелді, – деп хабарлайды қазақстандық сейсмологтар.
««ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2016 жылдың 25 қарашасында Алматы уақыты бойынша 20 сағат 24 минут 31 секундта жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісі эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 489 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан», – деп хабарланады.
«Жер асты дүмпуі сезілуі бойынша мәлімет: Алматыда 2-3 балл, Таразда 3 балл, Шымкентте 2-3 балл», – деп көрсетіледі ақпаратта.
«Эпицентр координатасы 39.33° с.е. 74.09° ш.б. Эпицентрдегі жер сілкінісі магнитудасы – 6.7», – дейді сейсмологтар.
Талқылау