Алматы түрмесінде трансгендерді көру үшін қызметкерлер мен қылмыскерлер кезекке тұрды
Алматыда тергеушілер жынысын ауыстырған адамды қай түрмеге қамарын білмей бас қатыруда. Трансгендер ашыналарынан ақша бопсалап жүріп ұсталыпты. Ол әйелге айналып үлгергенімен, құжат бойынша әлі еркек екен. Енді бұл адам жынысын ауыстырғанына қарамастан, жазасын кілең еркектердің арасында өтеуі мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жынысын ауыстырған трасгендер қазір тергеу абақтысында жатыр. Оны тұтқындаған полицейлер басында әбден бас қатырып оны қайда жатқызарларын білмей, ақыры әйелдердің қасына қосыпты. Трансгендердің тоғытылуы түрмеде де үлкен қызығушылық туғызған. Бұрынғы еркек, қазіргі әйелді бір көруге тіпті қызметкерлердің өздері кезекке тұрып жатқан көрінеді.
Бұл – түрмеге трансгендер атаулының алғаш түсуі. Құжат бойынша еркек, ал түрі үріп ауызға салғандай Хасанды көргенде мұндағылар сасқалақтап қалған. Тығырыққа тірелген тергеу қапасының қызметкерлері алғашында сенбей, тіпті оның жыныс мүшесіне дейін тексеріп көріпті.
«Абақты қызметкерлері оны қызық көріп қараған. Трансгендер туралы әңгіме түрмеде тез тарап кеткен. Қазір оны қорғау үшін тиісті органдарға хат жазып жатырмыз. Себебі, құжатын ауыстырмаған. Енді оны еркектердің колониясына жібереді ме деп ойлап отырмыз», – дейді Адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық бюро заңгері Анна Смирнова.
Абақтыда уақытша әйелдердің арасында жатқанымен, кейін қазіргі Виктория ерлердің колониясына жіберілуі мүмкін. Өйткені қызтеке құжатын ауыстырып үлгермеген. Ал заңда трансгендер бөлек жатсын деген бап жоқ.
«Қоғам көмектесу керек. Көмегіміз ол – құжаттарын жөндеу. Ол абақтыда отырып өз құжаттарын ауыстыра алмайды. Үлгермесе ,онда өте қиын жағдай болайын деп тұр. Ер адамдардың колониясына жіберетін болса, бұл жігітті зорлық, тозақ күтіп тұр», – дейді адвокат Айман Омарова.
Құжатта еркек болғанымен, Виктория операция жасатып жыныс мүшесінің бір бөлігін кестіріп тастаған. Трансгендер тіпті төсін өсіріп қойыпты. Қоғамдық ұйымдар енді оған араша түсіп, құжатын ауыстыртпақ. Болмаған жағдайда, 26 жастағы Хасан ерлер колониясына жабылады. Айтпақшы, қазір елімізде ол секілді жынысын ауыстырған 12 адам бар екен.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді
Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты
Елімізде ақылы оқитын студенттер жалдамалы жұмыс істеп күнелтіп жүр (фото)
Алматы көшесімен шаңғышыны сүйреген жүргізуші айыппұл төледі