Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді

Ақтау тұрғындары 6 жасар Виктория Мининамен қоштасып жатыр. Жүздеген тұрғын облыстық мәйіт бөлмесінде бүлдіршінмен қоштасуға келді.

52481

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Олардың қолында гүл мен ойыншықтар бар. Рәсімнен соң қыздың денесін шіркеуге апарып, кейін христинадық жолмен жерлейді.

52477

Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20 тамыз күні болған. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

52478

6 жастағы қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған болатын. Сөйтсе, педофил бүлдіршінге ойына келгенін істепті. Көп ұзамай азғын да тұсталып, қамауға алынды. Ол 32 жастағы Ақтау тұрғыны.

Екі айдан астам уақыт өмірі үшін арпалысып жатқан Викторияны шетелдік мамандар емдеуден бас тартты.

Дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың өлімі туралы айтып берді.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Маңғыстау облысында әкесі өзінің 7 жасар ұлын тұншықтырып өлтірді

Атырау облысында ауруханаға жатқызбай қойған екіқабат келіншек көз жұмды

Зағипа Балиева: Педофилдер өлім жазасына лайықты

Талқылау