Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында әкесі өзінің 7 жасар ұлын тұншықтырып өлтірді

Маңғыстау облысында өзінің 7 жасар ұлын тұншықтырған әкесі, оның өліміне себепкер болған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

150427_54

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға 21 қараша күні болған. Дәрігерлердің айтуынша, бала Жетібай ауылдық ауруханасына аса ауыр жағдайда жеткізілген. Ақ халаттылар балаға “су аспирациясы және асфиксия” деген диагноз қойған. Баланы тұншықтыру кесірінен аса көп мөлшердегі су ішке жиналып қалған, деп хабарлайды Lada.kz.

“Күндіз Жетібай ауылының психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын 34 жастағы тұрғыны өзінің 7 жастағы ұлын тұншықтырған”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жағдайдың неліктен туындағанын полиция анықтап жатыр. Әзірге оқиға кезінде үйде басқа адамдардың болғаны немесе тек әкесі мен баласыны ғана қалғаны белгісіз.

Бала облыстық ауруханаға алып бара жатқан кезде жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 99 бабы бойынша (өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Талқылау