Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел көз жұмды

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 13:43

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел 39 жастағы Галина Воробьева бүгін түнде қайтыс болған.

DSC02225-640x480

Бұл туралы “Алау” телеарнасы хабарлайды.

Ақпаратты аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев та растады.

Травматологиялық бөлім меңгерушісі Марал Әбілқасымованың айтуынша, асқазанында қан кеткен деген күдікпен әйел бірнеше күн бұрын ауруханаға жатқызылған.

IMG_1874-23-11-16-11-49-640x480

Галина Воробьеваны ауруханаға 8 адамдан тұратын төтенше жағдай қызметкерлері әкеліп орналастырған екен. Диагностикалық тексеруден кейін оған қойылатын диагноз нақтыланбаған. Оған терапевт дәрігер қараған.

“Оны біздің бөлімге жатқызды. Анализдер алып, тексерген соң қан кету жағдайы анықталмады. Өзін жақсы сезінген ол, тезірек үйіне кеткісі келген. Бүгін оны шығаруымыз керек еді. Бірақ түнде көз жұмды”, – дейді бөлім меңгерушісі.

Аталған жағдайға байланысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ер адам туған ағасын балталап өлтіріп, әкесіне оқ атты

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Алматы тұрғыны жалғыз баласын қағып өлтірген жүргізушіні жауапқа тартқыза алмай жүр

Көкшетауда 9 жасар бала асылып қайтыс болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар