Салмағы 350 келі болатын қостанайлық әйелге отаны тегін жасайтын болды (фото)

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 22:40

Салмағы 350 келі болатын қостанайлық 39 жастағы Галина Воробьева қалалық ауруханадан ем алып, үйіне шықты. Өз бетінше ақырындап қадам жасайтын жағдайға жеткенімен, үйіне қайту үшін тағы да Төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрауға мәжбүр болды.

DSC02224-640x480

Фото: alau.kz

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезініп отырмын. Ақырындап жүре бастадым. Бірақ баспалдақпен көтеріліп-түсу қиындау. Әлім жетпегендіктен, орындыққа немесе балдаққа сүйеніп жүріп жүрмін. Дегенмен, аяғымды басқанымның өзі мен үшін қуаныш, сондықтан қазір күн сайын жаттығып жүрмін”, – дейді Воробьева.

Галина Воробьеваны ауруханадан үйіне құтқарушылар арбамен жеткізді.

“Салмағым кеміген жоқ, сондықтан ТЖ қызметінің құтқарушыларын тағы шақыртуға тура келді. Олар ауруханаға кранмен әкелген болатын, ал кері қарай үйіме үлкен арбаға салып апарды. Баспалдаққа дейін аяғыммен жүріп бардым, содан соң  құтқарушылар пәтерге брезентпен көтеріп кіргізді. Оларға айтар алғысым шексіз”, – деді ол.

Қостанайлық толық келіншектің тағы бір жағымды жаңалығы бар.

“Алматының хирургтері асқазанымды кішірейту үшін отаны тегін жасайтын болды”, – дейді қуаныштан Галина.

vFVQnpzVg3s77

Галина Воробьева ешқашан арық болмаған. Бала күнінде артық салмағына байланысты қиындықты елемеген де.

“Анам екеуіміз бір киімді кие бастаған уақытта ғана өзімде әлдененің дұрыс еместігін аңғардым. Мен 11 жаста едім. Ол кезде анам 50 не 52 өлшемдегі киім киетін. Мен оның киімдерін кие бастадым”, – деп еске алады Галина. Оған 14 жасында зат алмасуының бұзылуы деген диагноз қойылған.

Галина еш уақытта үйде отырмағанын айтады. Ол Қостанай облыстық ауруханасында санитар әйел болып, сатушы, тіпті, күзетші болып та жұмыс істеген, деп хабарлайды Alau.kz.

“Менің өмірім – өте қарқынды. Бәлкім арықтамағаным, дәрігерлерге, ешкімге қаралмағаным да сол себепті болар. Салмағыма байланысты өзімді ыңғайсыз сезінген емеспін. Өзіме сай киім тауып, әдемі киіне білдім, ер адамардың назарына іліктім, достардан да кенде болмадым”, – дейді әйел.

Галина Воробьева 6 жыл бұрын жылдам салмақ қоса бастаған. Әйел құлап, тізесіне зақым келген. Сол уақыттан бері ол жүруден қалды дерлік.

“Мен 2 ай бойы бұл аяғыма тұра алмадым. Оны өзіммен сүйреп жүрдім деуге болады. Қимылсыз қалдым. Өзімнің артық салмақ қосып жатқанымды байқай бастадым. Сонда мен қимыл-қозғалыс бар кезде ғана өмір сүргенімді түсіндім”- деп еске алады Галина.

DSC02225-1024x768

Әйел өз туыстарына денсаулығына байланысты ешқашан шағым айтпаған. Алайда бірнеше апта бұрын оның жағдайы мүлдем нашарлаған-ды. Галина ұзақ уақыттан кейін бірінші рет дәрігерлердің көмегіне жүгініп отыр.

Оған денедегі артық майларынан арылып, асқазанын кішірету үшін ота қажет болатын. Алайда мұндай отаға оның қаражаты жоқ. Анасы екеуі жатақханада бір бөлмені жалдап тұрады. Галина соңғы жылдары толықтығынан ұялып, көшеге де шықпаған. Алайда бойындағы үрейін жеңіп, тексерілу үшін ауруханаға жатып шықты. Енді оған ота жасалатын болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар