Ақмола облысында ер адам туған ағасын балталап өлтіріп, әкесіне оқ атты
Отбасындағы жанжалдан соң жас жігіт балтамен туған ағасының шүйдесінен ұрып жіберген. Кейін қарумен әкесін атып өлтіреді.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Оқиға 22 қараша күні Ерейментау қаласында болды. 25 жастағы тұрғын 46 жастағы ағасын балтамен ұрып жібереді. Ағасы сол сәтте жан тапсырған. Кейін “ТОЗ” маркалы қарумен 55 жастағы әкесін атып жібереді. Жедел жәрдем қызметі зардап шегушіні емханаға алып кеткен. Полицейлер 25 жастағы жігітті уақытша тергеу изоляторына жапты. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалуда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынды
Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды
Америкалық модель абайсызда жыныс мүшесін көрсетіп қойғаны үшін кешірім сұрады
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды