Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны жалғыз баласын қағып өлтірген жүргізушіні жауапқа тартқыза алмай жүр

Алматы тұрғыны жалғыз баласын қағып өлтірген көлік жүргізушісін жарты жылдан бері жауапқа тартқыза алмай жүр. Жеңіл машина бірінші сынып оқушысын аулада ойнап жүрген жерінен оңдырмай қаққан екен. Оқиғаның мән-жайы КТК эфирінен айтылды.

32121311

Салдарынан 8 жасар Бористің жүрегі жарылып, өкпесі аузынан бір-ақ шыққан. Жеткіншек сол арада тіл тартпай кетіпті. Ал оны қаққан келіншекті полицейлер сол күні-ақ қолхатпен жібере салған.

Васильченколардың жалғыз ұлын жеңіл көлік дәл есігінің алдында қаққан. 8 жасар Борис аулада басқа жеткіншектермен ойнап жүріпті. Бір топ балаға тап берген жүргізуші оны тіпті ит екен деп ойлап қалдым деген.

“Ол балаңызды көрмедім, мысық немесе ит екен деп қалдым деп отыр. Сонда қалай 8 жасар баланы итпен қалай шатастырып алуға болады?”, – деді баланың әкесі Анатолий Васильченко.

616165161

Қатты соққыдан бала басқа көліктің астына түскен. Содан жеткіншектің жүрегі жарылып кеткен. Сот сараптамасы қатты шошынғаннан өкпесінің де жыртылғанын айтады. Бала сол арада тіл тартпай кеткен. Ал жүргізуші «жылдамдықты асырмадым» деп, бар кінәні өлген балаға аудара салған.

“Ол өзін кінәлімін деп отырған жоқ. Біресе, баланы ит–мысықпен шатастырдым десе, біресе баланың өзі алдымнан жүгіріп шыққан дейді. Тергеу де созылып кетті. Жарты жылдан бері баламды қағып өлтірген жүргізушіні тіпті қамауға да алған жоқ. Тура бір итті қағып кеткендей қолхатпен босатып жібере салды”, – дейді Анатолий Васильченко.

Жүргізуші «жүйіткімедім» дегенімен, көрші үйдің камерасына түсіп қалған кадрде көліктің асыққаны көрініп-ақ тұр. Алайда мұның өзі іске дәлел бола алмай, полицейлер бала қаққан әйелді сол күні-ақ қолхатпен жібере салыпты. Кейін тіпті айыпты адамды таппадық деген желеумен істі біржолата тоқтатқан. Десе де, тілшілер араласқан соң іс қайта тергеуге жіберіліп, ал ісіне жүрдім-бардым қараған тергеушіні прокурорлар тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда 9 жасар бала асылып қайтыс болған

Шомылмақ болған туристің денесі ыстық суда еріп кеткен

АҚШ-та жасөспірім комадан есін жиған соң бірден испанша сөйлеп кеткен

Иті иесін бетперде киіп шабуылдаған қорқынышты сайқымазақтан құтқарды

Талқылау