Шомылмақ болған туристің денесі ыстық суда еріп кеткен

Сенбі, 19 Қараша , 2016 10:15

АҚШ-тағы Йеллоу ұлттық бағының өкілдері Колин Скоттың қалай қайтыс болғанын анықтады.

pic_682927f979183b6dd9429ae6fe70ce72

Бұл туралы Mirror басылымы хабарлайды.

Портленд аймағынан келген турист ағымдағы жылдың маусым айында қарындасымен бірге қыдырып жүрген. Ол Норрис бассейнінің тұсында судың температурасын анықтап көрмек болады. Сол сәтте аяғы тайып, суға құлап кетеді. Артынша Скоттың суда шомылмақ болғаны анықталды. Бұл қорықта шомылуға тыйым салынғандықтан, қарындасы шындықты жасырып қалған.

Құтқарушылар оқиға орнына жылдам келгенімен, 23 жастағы америкалық суға түсе салысымен көз жұмған. Найзағай салдарынан құтқарушылар оның тәнін судан шығара алмай әлек болған. Келесі күні де туристің денесі табылмады. Саябақтың бас рейнджерінің көмекшісі Лэрент Вересс Скоттың денесінің 200 градус ыстықта еріп кеткенін айтқан.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та жасөспірім комадан есін жиған соң бірден испанша сөйлеп кеткен

Иті иесін бетперде киіп шабуылдаған қорқынышты сайқымазақтан құтқарды

Ғалымдар: Әйелдер ерлерден қарағанда еңбекқор

Әлемдегі таң қаларлық қызықты жайттар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар