Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі таң қаларлық қызықты жайттар

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп. Бірақ біз оған назар аудара бермеуіміз мүмкін. Дегенмен бір сәт қызықты таңқаларлық жайттарға да көз тоқтатып көрейік.

ы

Бұл туралы Айқын газеті жазады.

  1. Егер Егер сіз  үйіңізді тезірек сатқыңыз келсе, онда сыртын сары түске бояп барып, жарнама бергеніңіз дұрыс.
  2. Оңтүстік Африка Республикасы суық қару қолданып, адамға шабуыл жасау, тонау, зорлау жөнінен әлемде бірінші орында екен.
  3. Пайыздық дерекке жүгінер болсақ, әлемнің басқа елдерімен салыстырмалы түрде қарағанда, АҚШ-та азаматтар түрмеге көп отырады.
  4. Швейцарияда мектеп мұғалімінің айлық жалақысы 33 мың доллар шамасында.
  5. Әйелдердің 90 пайызы универмагқа немесе сауда үйіне кірер сәтте бірден оң жаққа бұрылады екен.
  6. Америкалықтар балалар тағамынан гөрі мысықтың тамағына ақшаны көп жұмсайтын көрінеді.
  7. Біздің өмір бойы жеген тамағымыздың салмағы 27 тонна болады екен, ал бұл 7 пілдің салмағына тең.
  8. Әлемде  әрбір үшінші секундта лүниеге сәби келеді.
  9. Өтірік айтып тұрған  адамдардың көзі көбінесе жоғары-төмен қарайды екен.
  10. Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта тек түнде жауады екен.
  11. Әлемде адамдардың 0,7 пайызыкез келген уақытта арақ ішіп жүреді екен.
  12. Денесіне толық сурет салынған толған адам Шотландияның Скай қаласында тұрады. Оның терісінің 99 пайызына татуировка жасалған. Ол адамның екі жерінде ғана таңбаланған сурет жоқ. Аяғының байшпайларының арасында және құлағының ішіне  ғана татуировка салынбай қалған .
  13. «Жезді мұрт» Сталиннің бойының ұзындығы  — 160 сантиметр болды. Сондықтан фотографтар оны көп жағдайда төменнен жоғары қарай түсірген. Сталиннің бір қолы екіншісінен сәл қысқалау болған. Осыған байланысты көп жағдайда ол бір қолын қалтасына салып немесе сигарет тартып тұратын болған. Сталин ғана емес, көптеген танымал тұлғалардың бойында осындай дене кемшіліктері болған. Мысалы, Бірінші Петрдің басының домалақ пішіні өте кішкентай болған. Ал Наполенның бойының ұзындығы  -150 сантиметр ғана.
  14. Ресейде тұңғыш рет айықтырғыш бөлмесі 1902 жылы Тула қаласында дәрігер Федор  Архангельскийдің бастамасымен ашылған.
  15. Бразилияда өткен әлем чемпионаты қымбат турнирлердің бірі болды. Оған 30 миллиард доллардай қаржы жұмсалған. Ал соңғы әлем чемпионатына Франция  – 40 млн, Жапония – Оңтүстік  Корея – 5 млрд, Германия  – 6 млрд, Оңтүстік  Африка – 4 миллиарда доллар жұмсаған.
  16. Әлемдегі ең жылдам жүгіретін футболшылардың бірі  – португалдық Криштиану Роналду. Ол сағатына 39,2 шақырым жүгіре алады.
  17. Әлемнің әр елінде әйелдерге қарағанда, ерлер өз-өзіне көбірек қол жұмсайды. Кейбір елдерде, атап айтқанда, Ресей мен Бразилияда ерлер арасында өзін-өзі өлтіру өзге мемлекеттермен салыстырғанда 6 есе жоғары.
  18. Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.
  19. Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.
  20. Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/секунд.
  21. Әлемдегі 23 ұлт жылқыны киелі жануар деп есептейді. Соның бірі – қазақ халқы.
  22. «Оскарды» ең көп иемденген актерлер: Кэтрин Хепберн  (4 рет),  Мерил Стрип(3 рет), Уолтер Бреннан  (3 рет),  Ингрид Бергман  (3 рет),  Дэниел Дэй Льюис (3 рет),  Джек Николсон(3 рет).

Жіберіп алмаңыз:

Ғажайыпты күтпеңіз, оны өзіңіз жасаңыз. Балуан Шолақтың шөбересі 10 бала асырап алды (фото)

Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті (видео)

Әлемдегі ең жомарт жандар қай елде тұрады

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін келіншегін аяусыз соққыға жығып үйінен қуып жіберді

Павлодарда туған анасынан зардап шеккен үш жасар қыз балалар үйіне жеткізілді

Талқылау