Әлемдегі ең жомарт жандар қай елде тұрады

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 12:50

Charities Aid Foundation британиялық қайырымдылық қоғамы жүргізген зерттеу нәтижелері ең қайырымды әрі жомарт жандардың соғыс қимылдары толастамайтын және әскери хунта басшылық ететін елдерде тұратынын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

рейтинг2610

Ұйым әзірлеген World Giving Index 2016 рейтингіне сәйкес, бейтаныс жандарға ең көп рақымшылдық танытатын жандар Иракта тұратын болып шықты. Ал қайырымдылықпен ең көп айналысатын ел – Мьянма.

Соңғы бір айдың ішінде ұйым жүргізген сауалнамаға сәйкес, Иракта әрбір 10 азаматтың 8-і бейтаныс жандарға көмек көрсеткен. Дәл осындай көрсеткішті Латвия елі көрсетіп отыр. Соған қарамастан, аталған елдер ең жомарт елдердің үздік ондығына кіре алмады. Себебі мұнда қайырымдылық аса кеңінен таралмаған.

Бұл орайда халықты қайырымдылыққа үндейтін Мьянма көш бастап тұр. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 91% қайырымдылық мекемелеріне ақша аударып тұратын болып шықты. Одан бөлек, зерттеуге қатысқан Мьянма тұрғындарының 63% бейтаныс жандарға көмектеседі екен.

Аталмыш екі көрсеткіш Мьянманың дәл осы рейтингте үшінші жыл қатарынан көш бастап тұруына сеп болып отыр. Екінші орында – АҚШ мемлекеті. Мұнда зерттеуге қатысқандардың 73% өздері танымайтын адамдарға көмектессе, 63% қайырымдылық қорларына қаражат аударатын болып шықты.

Зерттеу авторларының пайымдауынша, Мьянманың алғашқы орыннан түспеуі бағзы замандардан қалыптасқан дәстүрлерімен байланысты. Оған сәйкес, халықтың көп бөлігін құрайтын жергілікті буддистер монахтарға қол ұшын береді.

Зерттеу нәтижелері британдықтардың Еуропадағы, кениялықтардың Африкадағы, гватемалдықтардың Латын Америкадағы, ал Бірікккен Араб әмірліктерінің Таяу Шығыстағы ең жомарт халық екенін дәлелдеді. Ең жомарт халықтардың тізімін қытайлықтар аяқтап тұр.

Көршілес Өзбекстан мен Түрікменстан елдері алғашқы 20 елдің қатарына кірсе, Қазақстан 96-шы, ал Ресей 126-шы орынға жайғасты.

Зерттеу авторлары бұл рейтингтің салытырмалы түрде алынғандығын алға тартуда. Себебі зерттеуге рейтингте көрсетілген 140 елден шамамен мыңға жуық адам ғана қатысқан.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандықтардың мейірімділігіне көзім жетті. Белгісіз ер адам тележүргізушінің тауарларына төлем жасады

Қазақстандық жұлдыздар ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін келіншегін аяусыз соққыға жығып үйінен қуып жіберді

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан балалы болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар