Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін келіншегін аяусыз соққыға жығып үйінен қуып жіберді

Сейсенбі, 25 Қазан , 2016 21:35

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін таяққа жығылды. 6-шы қызын босанған келіншекті күйеуі сабап, үйінен қуып жіберген. Үлкені 8 жасар, кішісі 8 айлық 6 баламен далада қалған Әлия Қайназарованы перзентханада танысқан әйел үйіне кіргізіпті. Оның да 6 баласы бар, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (68)

Бір бөлмелі ғана аядай үй балабақшаға көбірек ұқсайды. Шиеттей 12 бала осында тамақтанады, ойнайды, ұйықтайды. 6 қыз туғаны үшін жазықты болып, күйеуінен өлердей таяқ жеген Әлия Қайназарова осының өзіне риза. Соңғы мәрте 5 күн бұрын жары соққыға жыққан оны перзентханада танысқан келіншек үйіне кіргізіпті.

«Басымнан ұрды. Қыздарымның көзінше тепкіледі.  Ұлдана қызым «папа ұрмашы» деп аяғына жалынды. Балалардың бәрі жылап бұрыш-бұрышқа тығылды. Қорқып қалған қазір», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Қайназарова.

Қыз туғаны үшін таяққа жыққан күйеуі ақыры далаға қуып шыққан. Әлия енді амалсыз, таныс әйеліне қоңырау шалып, балаларымен өзі үстіндегі бір сыпыра киімімен осы үйде жүр. Соңғы мәрте Құрбан айтта ет жеген 6 балалы екі әйел біздің көзімізше ас дайындады. Онысы не еті, не картоп-сәбіз түгілі дәмдеуіші жоқ құр макарон.

30 жастағы келіншек күйеуімен қосылғалы пәтер жалдап тұрып келген екен. Пәтер қожайыны ақша төлемедіңдер деп, балалардың құжаты мен киімдерін алып қалыпты. Мектеп жасындағы екі қызы бір аптадан бері сабаққа бармай жүр. Полицейлерге хабар берсе, олар да бас бұрмапты.

«Бөлек пәтерге шығып, қыздарымды  бақшаға жайғастырып, оқуын оқытсам деймін. Сосын жұмыс істесем деп жатырмын», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны  Әлия Қайназарова.

Ал, Әлияны қыздарымен үйіне кіргізген Ханымкүл екеуі 8 ай бұрын перзентханада танысқан екен. Телефонмен сөйлесіп тұратын құрбымның жағдайын естіп, бірден алып келдім дейді. Өзі жетімдер үйінде өскен 6 баласы бар жесір әйел Әлияға мемлекет көмектеспесе де үйден қумаймын дейді.

«Алланың берген сыйы. Періште ол. Бала-шағаммен қалғам мен де 3 жыл бұрын. Сол кезде маған баспана берген үкімет. Сол сияқты бола ма деген үмітте болып отырмын. Біреу қол ұшын берер. Қумаймын, бұл адамгершілікке жатпайды», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ханымкүл Бейсебаева.

Әлия Қайназарова биліктен тек өзгенің қолында қалған құжатты алып беріп, үйдің кезегіне қояды ма деп үміттенеді. Күйеуімен ажырасуға жүрексінетін келіншек құзырлы орындар теледидардан көріп қол ұшын бермесе, жәй арызға полиция пысқырмайды,- дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

21
Комментариев
  • Анонимно says:

    ия киын жагдай.осы сол жердин окимет басшылары осы жагдайга бекер карап отырма сонда.неге шугыл жардем жасап сол куйеуди уйинен шыгарып сал анага комектеспейди.кыз бала дегег жаксы гой.ул тауып сол улдардын караганы шамалы.ОЛ КУЙЕУ УЙДЕН КУЫЛЫП АНАГА ОРЫН ТАУЫП БЕРСИН

    • ананимно says:

      Мына еркек адам емес. Баланы тудыруды биледи,оны багуды билмейди. Кыздан кореди пайданы,оны билмейди гой онбаган! Алла тагала жазасын берсин.

  • Анонимно says:

    Кудай сактасын сонда не кыз бала адам емеспа не озинде сондай кыз дуниеге акелип аке атандырып отырган жок па сана берсин санасызга ар баланын оз насибеси болады тек сизге тозим берсин балдарыныз аман болсын сизде жетисип кетерсиз

  • Талгат Даулетов says:

    АЛЛА қуат берсін ! Күйеуің таза ақымақ адам екен.

  • Анонимно says:

    Алла жар болсын

  • Талгат Даулетов says:

    Əлия , АЛЛА қуат берсін, күйеуің таза ақымақ адам екен.

  • Анонимно says:

    Алла, жар болсын алты балалы жас анага.Аумин!

  • Анонимно says:

    З жыл бурын бала шагасымен жесир калган Ханымгул 8 ай бурын перзентханада не истеп жур десен да))) тагы Актобедеги сиякты мошенниктер болып журмесин…

    • Анонимно says:

      мен де сіздің коментариіңіз ойландырып тастады

  • Анонимно says:

    кудаи жазасын берсын киеуыне

  • Анонимно says:

    аянышты уиы куиы жок еркек малгун

  • Анонимно says:

    Қандай қазақ қыздары мейрімді … Ханымкүлге , Алла Тағалам байлық , күш қуат берсін осыншама санаспай көмек беріп , қол ұшын беріп… Алияға жігерлік тілеймін , бəрі де болады сізде , сабыр түбі , сары алтын

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар