Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 14:17

Баянауыл аудандық емханасының 70 жастағы акушер-гинекологы Ғалия Байжанова мен 43 жастағы хирург Мұратбек Зарахан 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

1

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Смғұлова есімді босанушы әйел Баянауылдағы перзентханаға 28 мамыр күні таңертең келген.

Оның босануы ауыр болатынын біле тұра дәрігер Байжанов әйелді акушерге тастап үйіне кетіп қалады. Түстен кейін әйел сау баланы өмірге келеді. Алайда, өзінен көп қан кетеді. Бұл жайлы дәрігерге де хабар беріледі. 1 сағатқа жуық уақыт ішінде әйел 1000 мл қан жоғалтады. Науқасқа бір сағаттан соң ота жасайды. Оған жансыздандыратын дәріні де дұрыс салмаған.

«Сол күні кешкісін акушер-гинеколог Байжанова мен хирург дәрігер Зараханның міндетін дұрыс атқармағанының кесірінен, медициналық көмектің дер кезінде жасалмағанының салдарынан Смағұлованың жүрегі тоқтап қалады», – делінді сот баяндамасында.

Екі дәрігер де кінәсін мойындап, өкінетіндерін айтқаны үшін оларға шартты мерзім берілді.

Жіберіп алмаңыз:

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Теңге бір тәулік ішінде ең жоғарғы шекке дейін қымбаттап кетті

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
8 күні 14 сағат кері

Шартты мерзімі нес. Адам өліп жатқанда. Тиісті жазасын алу керек деп ойлаймын.

Анонимно
9 күні 33 минут кері

Толғатып жатрғанда жаның көзіңе көринип ақша бересинба ақша акша деп Нагли айтадыгой берсен нормал тудырады бермесең кесрва дейд немесе

Анонимно
9 күні 6 сағат кері

Адам өлімі үшін дәрігерлерге кемінде 10 жыл беру керек еді.Басқаларға сабақ болады ғой.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар