Теңге бір тәулік ішінде ең жоғарғы шекке дейін қымбаттап кетті
Сейсенбі күні ұлттық валюта бір тәулік ішінде төрт жарымдық деңгейге дейін қымбаттап кетті. Айырбастау бөлімдерінде бір доллар үшін 337 теңге сұрап жатыр деп хабарлады КТК.

Бұл санды қазақстандықтардың таблодан көрмегеніне бірнеше күн болған. Долларға шаққандағы теңге құнының қымбаттауының бір себебі АҚШ-та Дональд Трамптың жеңіске жетуі болып отыр.
Әрине, мұның тағы бір негізгі себебі мұнай нарығының да құбылуы. Қара алтын бағасы бір ай ішінде алғаш рет ең жоғарғы шекке дейін қымбаттады. Brent маркалы мұнай бағасы 49 доллар 84 цент болса, WTI 49.05-ке жеткен.
Ал қазақстандық валюта нарығында бір доллар құны 337 теңге 50 тиынға, евро 358 теңге 50 тиынға, рубль 5 теңге 30 тиынға бағалануда.
Оқи отырыңыз:
Алдағы уақытта банктер қарызды күштеп қайтарып алуы мүмкін
Ұлттық компаниялар жаңажылдық корпоративтерден бас тартуда
Атыраулық кәсіпкер зейнеткерлер мен кедейлерге тегін нан таратып жатыр
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды