Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Бейсенбі, 24 Қараша , 2016 12:06

Баян Есентаева Vlast.kz басылымы журналистеріне ашық түрде сұхбат берді. Тележүргізуші әрі продюсер қайырымдылық қорын ашатынын тағы да бір рет айтып өтті.

c1ddab93f2e8e96c223063113af648aa

“Маған үлкен қоғамдық қор қажет. Бұл қордың әр қалада бөлімшелері болуы тиіс. Ол үшін кеңсе әзірлеп, компьютерлер мен телефондар қойып, сайтпен айналысатын адам табу қажет. Оған қанша ерікті ал қанша жалдамалы қызметкер қабылдаймын? Оның бәрі есептеуді талап етеді. Мұндай іспен ешқашан айналысып көрмегем. Бірақ айналысатын боламын, маған сеніңіздер”, – деп сендірді Есентаева.

Есентаеваның пікірінше, нағыз проблема “Қазақстанда секс жоқ” деп жар салып, “сексуалды” сөзін ерсі көруде. Продюсер телехикаяда актерлерді сүйістіргені үшін үнемі сынға ұшырайтын болып шықты.

“Біздің сүйісуге, бір-біріміздің қолымыздан ұстауға болмайды. Біздің елде балалар желден немесе шынайы сөзден пайда болады. Балалар үйіне барсаңыздар, топырлап жүрген қазақ балаларын көресіздер. Шындық осы. Осы туралы неге айтпаймыз? Өйткені ұят. Өйткені аналары қыздарына: “Дәрі іш, мүшеқап пайдалан, анаң ұялып жүрмесін”, – деп айтпайды. Ал қызы бәрібір секспен айналысады. Өйткені елдің бәрі онымен айналысады. Ол туралы қашан айтамыз? Кім бастайды?  Бұл туралы қыздарға 15 жастан бастап айтып, контрацепцияны түсіндіру қажет. Ал бізде не дейді? Ана жеріңе ие бол. Аналардың бар айтатыны осы. Ал қыз ол жеріне ие болуды қайдан үйренеді? Қызым 16 жасқа толған кезде отырғызып қойып осындай тақырыпта әңгіме қозғадым. Ол ұялатынын айтса, мен оның көзіме тіке қарауын талап еттім. Жасанды түсік жасатудың денсаулыққа өте зиянды екенін түсіндірдім. Қазір 20 жастағы қызым маған: “Мама, сен қандай данагөй әйелсің”, – дейді. Ал ауылдық жерлерде не болып жатыр? Оларға кім жеткізеді? Өзімнің жеке басымның проблемаларынан қарағанда осындай тақырыпты қозғағанды жақсы көремін”, – деп пікір білдірді Есентаева.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Шахизада маскүнемдікке салынған күйеуінен оңбай таяқ жегенін айтты

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
10 күні 2 сағат кері

Оны ешкім де ешкімге үйретпейді.Бүкіл жаратылыстың бәрі жер жаралғаннан бері ешкім үйретпей-ақ та ұрпақ өрбітіп келеді.

Анонимно
12 күні 18 сағат кері

негизи онда нарсени кызга анаси атип тусиндиру керек

Анонимно
12 күні 18 сағат кері

негизи дурис аитады,

Astsna
13 күні 14 сағат кері

уят жок екен сизде

Анонимно
13 күні 17 сағат кері

Кызынды тосекке жатуды уиреткенше имандылыкка уирет аллага кулшылык кылуды уирет

Анонимно
13 күні 17 сағат кері

сен сиақты имансыздар елді бүлдіретін.

Анонимно
14 күні 16 сағат кері

Сенің жігерің, рухың мықты. Еңсеңді түсірмей, алда тек жарқын күндер туатынына сене біл.

анон
13 күні 18 сағат кері

Нашар адам сияқтысын

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар