Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

Ақбота Керімбекова алғаш рет өзінің альфонс күйеулері туралы айтып берді. Әнші екі рет тұрмысқа шыққан. Бірінші рэкет күйеуі оны қатты жақсы көрген екен. Алайда әншінің өзі оған деген лаулаған сезімінің болмағанын айтады. Ал екінші күйеуімен ажырасуына енесі себеп болған. Енесі Ақботаны “Баламды дуалап алдың” деп айыптаған.

Akbotakerimbekova1

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Ақбота Керімбекова балалық шағының бақытсыз күндерге толы болғанын жасырмады. Әкесі ішімдік ішіп, анасына қол көтерген екен. Олар Ақботаның 11-12 жасында ажырасып кеткен. Әнші ата-анасының ажырасқанына тек қана қуанатынын айтады.

– Бірінші күйеуіңмен саған қол көтергені үшін ажырастың ба?

– Жоқ! Алла көріп тұр жолдасым маған қол көтеріп, ұрып-соққан емес. Бірінші күйеуім 93-94 жылдардағы былғары күрте киіп жүретін рэкеттердің бірі болды. Таза жолмен жүрмесе де, мұндай істерден бас тартамын деп уәде берген-ді. Бірақ, қоймады. Қазір қайда жүргенін де білмеймін. Еркекті сыйлау керек деген қазақы тәрбиемнің арқасында оған көп нәрсені кешірдім. Басқаларды ұрған шығар, бірақ маған саусағының ұшын да тигізген емес. Менде лаулаған сезім болмаса да, күйеуім мені қатты жақсы көрді. Ақшамыз болмағандықтан, той жасамадық. Дәстүрге сай ешнәрсе болмады. Екеуіміз де қарапайым отбасынан шыққан. Менің әке-шешем “мәселе ақшада емес, бір-бірлеріңді шын сүйсеңдер болды” деген қағиданы ұстанды. Көп нәрсеге көз жұмып қарады. Әсіресе, шешем көп нәрсені кешірді.

– Жолдасыңмен бірге өмір сүре алмайтыныңды қашан түсіндің?

– Күн сайын үйдегі әңгімеміз ұрыс-төбелестің айналасында өрбіді. Шаршатып жіберді. Мен өнер адамы болғым келді. Кішкене күнімнен әнші болуды армандамасам да, музыкаға жақын болып өстім. Іштей ән айтқым келіп тұратын. Жолдасым үйленгенге дейін “Маған бір ұл туып берсең болды. Ары қарай Қытай асып кетсең де бәрібір” деп жүретін азамат еді. Кейін бәрінен қызғанатын болды.

– Сен рэкеттің әйелі болдың. Өзіңнің басыңа қауіп төнген жағдайлар болды ма?

– Басыма қауіп төнген күндер болған емес. Еркектік қасиетінің арқасында ондайға жеткізбеді. Қатты жақсы көргендігі де шығар. Бір күні “Мен сыртқа шығып кетсем, сендерді өлтіріп кетеді” деген әңгіме айта бастады. Сол кезде “Ажалымыз келсе, бәрін де көреміз” дейтінмін. Отбасымызды қанша сақтап қаламыз десек те, бірге тұра алмадық. Ол өз жолын таңдады. Мен шыдап-көніп жүре беретін әйелдердің қатарынан емеспін. Көзім жетсе болғаны, әп-сәтте шешім қабылдаймын. Ажырасуға ұсыныс тастаған өзім.

– Екінші некең де сәтсіз аяқталды. Не себептен?

– Екінші күйеуім өте жуас жігіт болды. Өзіндік пікірі болмады. “Мен отағасымын. Отбасымды қорғап, асырауым керек” деген түсінік болмады. Анасының айтқанымен жүрді. Біздің ажырасуымызға енем себепкер болды. Осы бағдарламаны көріп отырған болса, ол кісіге еш ренішім жоқ. Толықтай кешірдім. Оларға менен гөрі, дүнием керек болған сияқты. Бұл ашықтан-ашық айтылды. Үйіме, көлігіме, ақшама, менің тапқан табысыма қызыға бастады. Жұрт Ақбота Керімбекова миллионер, ақшаны туып жатыр деп ойлайтын шығар… Осылайша қарапайым 50-60 мың тауып жүрген адам байлыққа кенелгенде алжып қалды. Дым көрмегендік деген осы болар.

– Сенен гөрі ақшаңа қызыққанын қала білдің?

– Жалпы жолдасым екеуіміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Әңгіменің барлығы енемнің тарапынан айтылды. Ол кісінің “Баламды дуалап алдың” деген сөзіне шыдамадым. Мұндай қасиетім болса, жоғарыдағы министрді немесе миллионерді, жағдайы жақсы адамды дуалап алмаймын ба?! Осы сөзді мен кешіре алмадым. Қорғаушы жалдап, ажырасып кеттім. Менен ешнәрсе ала алмады. Екі күйеуім де табыс тапқан емес.

Екеуі де менің шаңырағымда тұрды. Екеуінің де тамағын, киімін өзім алып беріп, жағдайларын жасадым. Алладан жасырмаймын! Мұның барлығы шындық. Бір күні “Қой, Боташ! Ары қарай өміріңді сүр! Үйіңді сал. Ана үш балаңды дүниеге алып келген екенсің, асырап бақ” дедім. Бұл өмірде ешкім ешкімге міндетті емес. Оның үстіне мен өзге біреуден тиын сұрауға дағдыланбаған адаммын. Той-томалақ пен концерттен алданып, ұрынып жүрсем де, шүкір, табыс табамын. Қазір үш балама анам екеуіміз қарайлап отырмыз.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Әли Оқапов «сүйіктісін» ән байқауынан шығарып тастады (видео)

Талқылау