Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны дәрігер ретінде жеке емхана ашып алған емшіге қараламын деп көз жұмды

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан Назымгүл Кәрібжанова ауылды жерде жекеменшік клиникасын ашып алған дәрігерге қараламын деп қаза болды.

20170802224619

Марқұмның туыстары адам өліміне қатысты құқық қорғау органдарына арыз түсіргенімен,  емші әлі күнге дейін науқастарды күмәнді дәрі-дәрмектермен емдеуін тоқтатқан жоқ, деп хабаралайды 31 арна.

Бұл Назымгүл Кәрібжанованың  көзі тірі кезінде түскен соңғы бейнежазбасы. Ауруы асқынып, бүкіл денесіне жарасы тарқап кеткен соң әйелдің аяқ-қолы ісіп, басын көтере алмайтын жағдайға түскен. Марқұмның туыстары әйелдің мұндай мүшкіл хәлге түсуіне емші кінәлі деп отыр. Себебі, Назымгүлге 2 жыл бұрын сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Ал Елена Норокова есімді емші “онкологтарға барма, өзім жазамын” деп күмәнді дәрілермен емдеп келген көрінеді. Туыстары “тіпті іріңдеп кеткен омырауына Вишневский жақпа майы мен солидол жағып, науқас немқұрайлы болсын деп психотропты дәрілер берген” дейді.

Назымгүл Кәрібжанова емделген жекеменшік аурухана Алматы облысының Ташкенсаз ауылында орналасқан. Әлі күнге дейін бұл емханада ауруына ем іздеген адамдардың қарасы көп.

Маңдайында еш жазуы жоқ мына 3 қабатты ғимарат жекеменшік аурухана. Бұл жерде жалғыз дәрігер Елена Норокова  ғана, қалғандары медбикелер мен оның көмекшілері.

Емшіден қандайда бір түсініктеме алайық деп алдына барып едік, оның қарауылы өзімізге тап беріп, қуып шықты.

“Бұл кісінің маманы – массажист. Аладыда укол салады. Менің өзіме фенозипамды берді. Ал мен аптекадан фенозипанды сұрасам,  олар айтады вы что это психоторопты дәрі деді. Құрамында есірткісі бар. Кім берді оны сізге дейді. Оны кәдімгі дәрігердің нұсқааумен жазып береді. Ал бұл кісі осында жатқан кісілерге отыныштандыру есебінде бере береді. Адамдар мұнда жата береді, бірақ өлімін күтіп жатады бұл жерде”, – дейді марқұмның сіңлісі Айман Кәрібжанова.

Назымгүл Кәрібжанованың туыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті мен аудандық прокуратураға да арыз жазған. Алайда, бұл іске қатысты құзырлы органдардан бірде бір жауап болған жоқ.

“Маған ешкім ештеңе істей алмайды дейді. Сендер қайда барсаң онда бар, ешкім ештеңе істей алмайды дейді. Осылай бизнесімді жалғастыра берем дейді”, – дейді марұмның әпкесі Сандуғаш Кәрібжанова.

Марқұмның туыстары адам емдеуді бизнеске айналдырған емшісымақ кәсібін дөңгелетіп жүре бере ме деп алаңдап отыр. Себебі, ем қонбай наразы боп кеткен жұрт көп, алайда олар құқық қорғау органдарына барып шағымданбаған.  Ал заңгер Алмас Жұмағали дәстүрлі емес емшілер “қатерлі ісік ауруына шалдыққан дәрменсіз аурларды эксперемент алаңына айналдырып жіберген” дейді.

“Мұндай проблемаға жолыққан адамдар психологиялық тұрғыдан жақынын жоғалтқан соң, ауруға душар болған соң  ештеңеге шағымданбайды, органдарға сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан қай кезде де прокуратураға шағымдануға болады, себебі ол қадағалаушы орган”, – дейді заңгер Алмас Жұмағали.

Назымгүлдің өмірден өткеніне екі айдан асты. Оның артында кәмелетке толмаған қос қызы мен жолдасы қалды. Әйелдің жақындары басқа сырқаттар  біз сияқты алданып, бармақ тістеп қалмаса екен дейді.

Тағы да оқыңыз:

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді

Алматыда қыз бала жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп кетті (фото)

Алып қашудың құрбаны болған 19 жастағы қызды жақындары жер қойнына тапсырды

Талқылау