Алматы облысының тұрғындары қызын зорлаған азғынды кешірмек болған әйелге наразы
Алматы облысы Жансүгіров ауылы тұрғындары 8 жасар қызын зорлаған азғынды кешірмек болған әйелдің әрекетіне наразы.
Жансүгіров ауылының тұрғындары хабарлағандай, 28 тамыз күні түнде 8 жасар қыз баланы аяусыз зорлап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүлдіршін кедей отбасында өсіп келеді, анасы арақ алу үшін дүкенге кеткенде зорланған. Қызды зорлады деген күдікке оның анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт ілінген. Баланың айғайын естіген көршілері жүгіріп келіп, азғынды ұстапты.
Ауыл тұрғындарының сөзіне сүйенсек, ер адам уақытша ұстау изоляторында отырған, алайда қыздың анасының қарсы шағымынан кейін босатылыпты.
“Ол үйін жөндету үшін арызды қайтып алыпты. Баланың жайы не болмақ?! Біздің ауылдың тұрғындары түгел наразы. Баланың құқығын қорғауды сұраймыз”, — деп жазады ауыл тұрғындары.
Алматы облысы полициясы баланың зорланғандығы туралы деректі растады, күдікті қамауда деп мәлімдеді.
Жақында сот-медициналық сараптама қорытындысы шығады.
Тағы да оқыңыз:
Астанада Lexus көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай үш оқушы қызды қағып кетті
Ақтауда шу туғызған үйлену тойы кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (видео)
Қажылығын өтеп жүрген мүгедек қазақ жігітінің әңгімесі жүректі елжіретті