Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкері 5 жылдан бері балаларды тегін тамақтандырып келеді

Алматы облысының кәсіпкері Саида Саитова 35 баланы өз қамқорлығына алған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы облысының Көксу ауданында тұратын кәсіпкер, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы 2012 жылдан бері балаларды тегін тамақтандырып келеді.

Кәсіпкердің жұмысы аудандағы аз қамтылған отбасылардың балалырна бағытталып отыр. Саида саитова кәсібін 2000 жылдан бастаған.

Ал біраз уақыттан бері жалпы білім беретін мектепте асхананың шаруасын дөңгелетіп отыр. Бүгінде кәсіпкердің қоластында 10 адам жұмыс істейді. Осыншама мерзім ішінде іскер әйел әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұмыт қалдырған емес. Саида Саитованың өзі де көп балалы отбасыдан шыққан. Сондықтан қайырымдылық және жауапкершілік, жанашырлық сияқты құндылықтар оған бала кезден таныс. Іскер азаматша қайырымдылықтан бөлек қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып тұрады. Ол Көксу ауданындағы ұйғыр халқының этномәдени орталығын, ата-аналар комитетін басқарып келеді.

Тағы да оқыңыз:

Екі қолы жоқ болса да кірпіш қалап нәпақасын тауып жүрген мүгедек жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Жынысыңды ауыстыр: Астанада сауда орталығының жарнамасы елді еріксіз өзіне қаратты

Қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады

 

Талқылау