Алматы облысының әкімі Паралимпиада жүлдегеріне автокөлік тарту етті (фото)
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Риода өткен ХY Паралимпиадада күміс жүлдеге ие болған Раушан Қойшыбаеваға жеңіл автокөліктің кілтін табыстады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Сондай ақ 11 млн. 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен 67 келі салмақ дәрежесінде 113 кг зілтемірді бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар әкім осы байрақты бәсекеде пауэрлифтингтен 7-ші орын алған Гүлбану Әбдіxалықоваға 1,5 млн. теңгенің сертификатын табыстады. Гүлбану Әбдіxалықова 50 келі салмақ дәрежесінде 9 мемлекет арасында бақ сынап, 7-ші орынға табан тіреді.
Спортшылардың жаттықтырушылары да назардан тыс қалмады.
Талқылау