Алматы облысында жоғалып кеткен оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды
10 қаңтардан бері Алматы облысында жоғалып кеткен оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды. Қазір 16 жастағы қыз ата-анасына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқушы қыздың жоғалғаны жөнінде арыз 10 қаңтар күні түскен. Қыздың ата-анасы Көксу аудандық ІІБ жүгінген. Артынша жедел ұйымдастыру шарасы ұйымдастырылып, қыз аман-есен табылды.
Қыздың Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтердің бірінде болғаны белгілі болды. Ол өзінің сүйіктісіне қашып кеткен. Облыстық ІІД қызметінің мәліметінше, жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ол аман-есен ата-анасына жеткізілді.
Жіберіп алмаңыз:
Бурабайда казино қызметкерін басынан ұрып, ұялы телефонын тартып алған
Атырауда “QazaqAir” пилоттары ішімдік ішіп алып ұшпақшы болған
Семейде полицей өзіне қол жұмсамақ болған оқушы қызды құтқарып қалды
Талқылау