Алматы облысында жас сарбазды соққыға жығып, өлтірген екі азамат сотталды
Сарыөзек елді-мекенінде орналасқан әскери бөлімшеде екі әскери қызметкер қатарға жаңадан қабылданған 18 жастағы сарбазды өлімше етіп сабап тастады. Жас сарбаз алған ауыр жарақаттардан мерт болды. Қылмысқа сарбаздар арасында болған араздық себеп болған.
ШҚО-дан шақыртылған әскерилер сарбаздар қатарына марқұм жігіттен жарты жыл бұрын қосылған. Айтуларынша, жаңадан қабылданған сарбаз оларға жеткілікті дәрежеде құрметпен қарамаған, деп хабарлады YK-news.kz.
Зайсан ауданының 23 жастағы тұрғыны Б. және Тарбағатай ауданының 22 жастағы тұрғыны А. Алматы облысына жедел әскери қызметтерін өтеуге өткен жылы келген.
Қайғылы оқиға шілде айында орын алған. Араздық 18 жастағы С.-ның Б.-ға лайықты түрде амандаспағаны үшін басталған. Олардың жанынан А. тоқтап, жігітке өз бетінше сабақ бермекші болған. Артынша жас жігіттің ішінен және басынан ұрған. Б. да қарап қалмай, жаңа сарбазды соққыға жығады. Жәбірленуші құлап, есін жоғалтып алғаннан кейін, А. өз жолымен кете барса, Б. құлап қалған сарбазды тұрғызбақшы болған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақыртты.
Жас жігіттің бас сүйек-ми зақымынан көз жұмды.
Марқұмның туыстары сот отырысы барысында, жігіттің өз қалауымен әскерге аттанғанын атап өтті. Б. өз кінәсін мойындамады, ал А. өкінетінін мәлімдеді.
Әскери сот Б.-ны 10 жылға, ал А.-ны сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына үкім шығарды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбедегі оқиғада қаза тапқан сарбаздың отбасына баспана берілді (фото)
Әскерден қашып кеткен сарбаз кино көріп отырған жерінен ұсталды
Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Ақмолада сарбаздың денесін үйіне табытпен әкелген әскерилерді туыстары оңдырмады