Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Алматы облысында шақалақты әжетханаға тастап кеткен көкек анаға қатысты сот үкімі шықты. Жаңа туған баласынан осылай жабайы түрде құтылмақ болған ол енді бір жарым жыл бостандық көрмейді. 24 жастағы Алтынай Ақжолтаева жазасын енді жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс, деп хабарлады КТК арнасы.

2222222oooooooo

Жұрттың жағасын ұстатқан жайт Алматы облысындағы Ақши ауылында шілде айында болды. Жүктілігін жасырған бойжеткен нағашы әжесінің үйіне қонаққа келіп, толғағы қысқан соң ауладағы әжетханада босанған. Бірақ шақалақты бауырына баспай, шұңқырға тастаған. Құдай сақтап, Қарлығаш деген есім берілген нәресте аман қалды. Қазір ол қазір балалар үйінде. Ал тергеу кезінде 4 жарым ай темір торда отырған Ақжолтаева өз кінәсін мойындап, өкінгенімен, жазадан құтыла алмады.

«Кешіріңіздер. Бұлай боларын білмедім. Әжетханаға тастағым келмеді. Қызымды өзім тәрбиелегім келеді», – деді нәрестенің анасы Алтынай Ақжолтаева.

Жіберіп алмаңыз:

Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде қанды қырғын жасаған террористер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Таразда қызға таласқан оныншы сынып оқушысы колледж студентін өлтіріп кетті

Талқылау