Алматы облысында ұрылар 5 миллион теңгені өртеп жіберді
Алматы облысы, Сарыөзек ауылында ұрылар банкомат тонап, 5 миллион теңгені өртеп жіберген.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Негізінен 5 және 10 мыңдық теңгелер жанып кеткен. Ұрлық әрекеттері сәтсіз аяқталған теріс ойлы жігіттер банкоматты газ дәнекерінің көмегімен ашпақшы болыпты.
“Қазіргі ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 188 баптары бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілерді ұстап, анықтауға байланысты жедел-іздестіру операциясы жүріп жатыр”, – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекова.
Ақшалардың негізінен бір қыры ғана жанған. Сол себепті бұл банкноттарды Ұлттық банктың кез-келген өкілдігінде ауыстырып алуға болады.
“Егер банкноттың 50 пайызы сақталған болса ауыстыруға болады. Біз ауыстырмас бұрын сараптама жасаймыз. Бізде арнайы сарапшы-кассирлер бар, олар арнайы аппарат арқылы сараптама жасап банкноттардың қаншалықты сақталғанын анықтап береді”, – деді ҚР Ұлттық банкының Ақтөбе филиалы бөлімі басшысының орынбасары Ағила Нәкібаева.
Олардың айтуынша, тіпті майдаланып бөлшектеніп қалған қағаз ақшаны да ауыстырып алуға болады екен. Бірақ, барлық ақша түрі алдымен сараптамадан өтуі тиіс.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді
Алматы облысында жантүршігерлік апатқа түскен жүргізуші тілге келді
Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған
Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді