Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тұрғындар балабақшадағы былықты жайып салды

Былығы бастан асатын балабақша. Алматы облысында тұрғындар балалары тәрбиеленетін мекемедегі берекетсіздікті жайып салды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

вввв

Балабақшада бүлдіршіндерге қолайлы жағдай атымен жоқ дейді наразы топ. Сондықтан тәрбиеленушілер шетінен ауырып, әбден әлжуаз болған. Мұнымен қоймай, ата-аналар балабақша ақысын жылдар бойы артығымен төлеп келіпті. Ал жуырда жаңа меңгеруші келіп, жағдай тіптен ушыққан көрінеді.

Балабақша емес, шалабақша! Осылай деген Водник-3 ауылының тұрғындары мемлекеттік мекемедегі бассыздықты жіпке тізгендей жайып салды. Айтуларынша, мұндағы жағдай бала түгілі, үлкен адам төзгісіз.

Тіпті, соңғы кездері бүлдіршіндер балабақшадан ауырып келетін болған. Мұнымен қоймай, мемлекеттік мекеме ата-аналардан ақша жинауды әдетке айналдырыпты. Ұсақ-түйекті есептемегенде, жөндеу жұмыстарының қаржысын өз қалтамыздан шығарамыз дейді наразы топ. Көбі балабақша ақысын да жылдар бойы артығымен төлепті.

“Мына 11.700 мемлекеттік балабақшада төлейді дегенді біз осы жақында ғана естідік”, – дейді Водник-3 ауылының тұрғыны Балауса Боратаева.

Яғни, еш рұқсатсыз, қосымша үйірмелерге ақша алынып келген. Ал жуырда мекеменің басшылығы ауысып, жағдай тіптен ушыққан көрінеді. Яғни білікті мамандар шетінен жұмыстан қуылып жатыр екен.

“Жаңа басшы келгелі мазамыз қашты. Тәрбиешілер себепсіз жұмыстан қуылуда. Жаңа меңгеруші қызметкерлерді кемсітуге дейін барады. Күнде еститініміз орынсыз айқай”,- дейді «Әдемі» мемлекеттік балабақшасының тәрбиешісі Сәния Зәрубаева.

Дегенмен, меңгеруші мұның бәрін бәрін жоққа шығарды. Ал ата-аналардан жиналған артық ақша қосымша үйірмеден сабақ беретін қызметкерлерге жалақы ретінде төленеді. Себебі, олардың жұмысына бюджеттен бір тиын бөлінбейді екен.

“2 ставкасын біз ата-аналарға көрсетілген смета бойынша төлейміз. Сметаны ата-аналарға жиналысқа көрсетіп айтқанбыз. Балалардың іш ауруы деген жағдайлар бізде тіркелмеді. Егер тіркелсе, қараусыз қалдырмаймыз”, – дейді «Әдемі» мемлекеттік балабақшасының меңгерушісі Зарлық Исламова.

Жаңа меңгеруші де, аудандық білім бөліміндегілер де кемшіліктерді жақында ретке келтіреміз деп сендірді. Ал еш келісімсіз алынып келген ақшаны қайтаруды заң жолымен талап етеміз дейді ата-аналар.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрғындар отқа оранған Almaty Towers-тен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Қазақ жігіт темекінің зиянын дәлелдеді (видео)

Германияда ең сенімді автокөліктердің тізімі жарияланды

Қайыр сұрап күн кешкен шымкенттік қария қарттар үйіне орналасуды армандап жүр

Талқылау