Алматы облысында тауда адасып кеткен 3 жасар баланың өлі денесі табылды
Алматы облысында 3 күн бұрын тауда адасып кеткен 3 жасар бала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ведомства мәліметінше, 31 шілде күні 38 жастағы әйел полицияға хабарласып, Шалкөде ауылында 3 жасар баласының жоғалып кеткенін айтқан болатын.
«Ауыл тұрғындары мен құтқарушылардың ат салысуымен жедел іздестіру шарасы ұйымдастырылды. Күні-түні іздеу шарасы еш нәтиже бермеді. Тек 1 тамыз күні ауылдан 25 шақырым қашықтықта өзен жағасынан баланың денесі табылды», – делінген хабарламада.
Баланың денесінде зорлық белгілері байқалмаған. Қазір полицейлер сараптама нәтижесіне сәйкес тексеріс жүргізіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі жоғалып кетті
Шымкентте полиция мен туыстары Айдана Қахарманды іздеп жатыр
Талқылау