Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі жоғалып кетті

Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Жұлдыз Ерманова жоғалып кетті. Оны полицейлер мен еріктілер іздестіруде.

Безымянный

Әпкесі Жұлдыздың 1 тамыз күні үйінен шығып кетіп содан оралмағанын айтады. Жұлдыз үстіне қара жейде мен джинсы шалбар киген. Сұр түсті сөмкесі, көз жанарына арналған көзілдірігі бар болған..

“Жұлдыз кешкі асқа келмегеннен кейін алаңдай бастадық. Таныстары мен достарынан сұрастырдық. Ертеңінде полицияға хабарладық. Оның біреумен қашып кететіндей кездесіп жүрген адамы да жоқ”, – дейді әпкесі Ақшолпан.

Әпкесі Instagram желісінде Жұлдыздың қайда екенін хабарлауды сұрайды. Ол қызды аман-есен қайтаруды, ол үшін қылмыстық іс қозғамауға жағдай жасайтынын ескертеді.


Сондай-ақ, Жұлдыз жайлы ақпарат білгендер болса, +7778 360 87 77; +7 705 799 99 44 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте полиция мен туыстары Айдана Қахарманды іздеп жатыр

Талқылау