Алматы облысында тағы бір ер адам 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталуда
Алматы облысында тағы да мектеп оқушысы зорланды деген іс сотқа жетті. Қазір 14 жастағы қызды зорлады деп 23 жастағы жігіт айыпталуда.
Аталған іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Ал сотталып жатқан жігіт бұған дейін де бұзақылық жасап, істі болыпты, деп хабарлайды 31 арна.
Зардап шеккен қыз оқушы болғандықтан және кәмелеттік жасқа толмағандықтан сот жабық режимде өтіп жатыр. Ал 14 жастағы қыздың әпкесі Ания сіңлісінің әбден зәбір көргенін айтады. Сөзінше, оқушы қыз бен жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қыркүйек айында жігіт қызды екі рет зорлады деп отыр.
“Мамаң әдемі әйел әдемі екен депті. Фигурасы да әдемі екен. Екі жақта төсек жатыр, ортада сенің анаң жатыр. Егер сен менің айтқанымды істемейді екенсің, мамаң екеуіңді қосып қойып, мен не істей алатынымды білесің деп қорқытыпты. Ол сол қорыққанымнан болдым, енді өлгім келеді. Мен соны айтып өлейін деді маған”, – дейді жәбірленушінің туысы Ания Сайлыбаева.
Алайда жәбірленушілердің айтқанымен айыпталушы тараптың қорғаушысы мүлдем келіспейді. Ешқандай зорлық та, қорлық та болмады, барлығы да қыздың өз еркімен дейді. Тіпті сотталушының үстінен «зорлау» бабы бойынша қозғалған айыппен мүлдем келіспейді.
“Бұл жерде ҚР ҚК 122 бабына сай келіп тұр. Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа өз еркімен түскені үшін ғана. Ол жерде уже орта дәрежелі қылмысқа жатады. Біз тағылған айыппен келіспейміз”, – дейді айыпталушының қорғаушысы Сәкен Қобдалиев.
Ал қазір 9-сыныпта оқуы тиіс қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр екен. Туыстарының айтуынша, оқушы қыз әлі мектепке де бара алмай отыр. Жәбірленушінің заңды өкілі алғашқы сот отырысынан көңілге көп күмән ұялатып қайттық дейді.
“Сотталушы Шәріпхан Елдарды сот психиаторлық қорытындысы бойынша жеңіл когнитивтік бұзылу түріндегі психикалық ауытқуымен зардап шегеді деп берілген. Ал бүгінгі сот отырысында Елдар Шәріпхан өзін сол психиаторлық сараптамадан өтуге мәжбүрлегенін және ондай аурумен ешқандай ауырмайтынын мойындап тастады”, – дейді жәбірленушінің заңды өкілі Кәмшат Есмұханбетова.
Енді жәбірленушілер бұл сотталушы тараптың жазаны жеңілдету үшін жасаған айла-тәсілі болуы мүмкін деп күмәнданып отыр. Егер іс бұрмаланып жатса сотталушы жігітке қайта психикалық сараптама жасатуды талап етеміз дейді.
Тағы да оқыңыз:
Елімізде Тәуелсіздік мейрамынан бұрын Жаңа Жылға қызу дайындалып жатыр
Шымкенттік келіншек өзін бұрынғы әкімнің зорлағанын айтып мәлімдеме жасады