Полицейлер жұмыс арасында құстар сайрап тұрған бөлмеде, арнайы кереуетте ұйықтап алатын болды
Жұмыс уақытында суицид жасаған тәртіп сақшылары Іле және Алакөл ауданында жұмыс істеген. Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде психо эмоциялық жеңілдену бөлмесі ашылды,-деп жазды 31 арна.
Енді кез-келген тәртіп сақшысы қалаған уақытында бұл жерге келіп тынығып, ми шаршауынан арыла алады. Олар үшін психологтар жұмыс істейді. Тіпті бұл жерде полицейлерге уақыт шектелмеген. Жалпы осындай табиғаттың әдемі даусы мен сырылдап аққан судың жақсы үйлесім тапқан бөлмелер Батыс елдерінде бұрыннан бар екен.
“Қоғамда небір жағдайлар болады. Көтерілістер соған шығамыз. Сол кезде стресс болған сәттер болды. Жинаған стрессті жеңілдетуге арналған бүгінгі психоэмоциялық релаксациялық бөлімінің ашылғанына өте қуаныштымын”,-дейді Алматы облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ Тілеулес Тоқтабеков.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев Фурманов көшесінің атауы туралы: мұның барлығы бос әурешілік
Қазақстандағы ең көп пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды
Желіде жоғары сот басшысының сот қызметкерлеріне жазған хаты тарап кетті