Алматы облысында педофил зорламақ болған қызды телефон қоңырауы құтқарды
Қаратал аудандық полициясына Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны 68 жастағы азаматтық некедегі күйеуін өз қыздарын зорламақшы болды деп шағым түсірген.
Бұл туралы “Желтая газета” басылымы жазды.
Бұл жағдай әйел ақша табу үшін егістік алаңына кеткен кезде болған. Қыздар үйде өгей әкелерінің қарауында қалған.
Ұйықтап жатқан үйдің үлкені сіңлісінің айқайынан оянып кеткен. Жүгіріп барған кезде өгей әкесі жылап жатқан қыздың денесін ұстап тұрғанын көрген. Осы сәтті пайдаланған кішкентай қыз зейнеткердің қолынан қашып үлгерген. Ал өгей әкесі үйдің үлкенін ұстап қалуға тырысқан.
Сол кезде 12 жастағы қыздың телефонына қоңырау түсіп, оқиғадан аман сытылып үлгерген. Ол бірден анасы жұмыс істеп жүрген егістікке барып, болған жайтты баяндап берген.
Әйел бірден азаматтық некедегі күйеуінің үстіне шағым түсірген. Қазір осы мәселе бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талқылау