Алматы облысында мүгедектер 147 мың теңгеден заңсыз салық төлеп келген
Алматы облысының Қаратал аудандық салық комитеті жергілікті мүгедектерге заңсыз салық төлеткен.
Осының салдарынан салық төлемдерінен босатылған 43 адам 147 мың теңге көлемінде ақша бергені анықталды. Аталған заң бұзушылық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында әшкереленген. Қазір заңсыз жиналған қаражат иелеріне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды 24 арна.
“147 493 теңге заңсыз, жылжымайтын мүлікке, жерге салық салынған. Сол себепті Қаратал аудандық прокуратурасының тарапынан кемшіліктерді жою туралы ұсыныс енгізілді. Заңсыз ұсталған соманы қайтару негізінде ұсыныс енгізіліп, сол ұсыныстың негізінде Қаратал аудандық кірістер басқармасымен ақшалар қайтарылып жатыр”, – дейді Қаратал аудандық прокуратурасының прокуроры Зарина Әлдібекова.
Тағы да оқыңыз:
Қыркүйектің соңында елімізде қар жауады
Биылғы 1, 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңа жүйесі бойынша оқиды
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты
Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)