Алматы облысында көршісі 5 балалы мүгедек әйелді ұрып-соғып зорлап кеткен
22 сәуір күні Алматы облысының Үштөбе қаласында 38 жастағы мүгедек әйелді аяусыз зорлап кетті.
Ғалия Дүйсенбекова І топ мүгедегі, бес баланың анасы. Оның күтіміне үлкен қызы қарап отыр, деп хабарлайды «NewTimes.kz»
Ғалияның айтуынша, әлеуметтік қызметкер келіп, қайтарында есікті жаппай кеткен. Осы кезде көршінің туысы келіп мас күйінде өзін ұрып-соғып зорлаған.
«Осы кезде көрші Кәмшат келген. Ол кір тыстарды кір машинаға салып, Ғалияны жуындырады. Ғалия полиция шақыртуға қорыққан. Кәмшат өзінің қайтып келетінін айтып шығып кетеді. Осыдан соң қылмыскер қайтып келіп, оны өлтіретінін, зорлайтынын айтып қорқытқан. Ғалия арбадан құлап қалғанда оны теуіп, сабап тастайды. Мүгедек әйел одан су сұрағанда ер адам шелекпен басынан ұрған», – дейді Ғалияның танысы Нина Гамбулатова.
Осы кезде көршісі бірге тұратын азаматпен келіп қылмыскерді көшеге шығарады. Ғалия жедел жәрдем мен полиция шақыртады. Алайда полицейлер келесі күні келген.
Ғалия жарақат алып, емханада жатады. Тергеуші бірнеше рет Ғалия мен әпкесі Тамарадан түнгі уақытта келіп түсінік алды. Ғалияға қылмыскер ыммен кекесін танытып, тергеушінің әрекетін көрсетіп өзін жазаламайтынын айтқан. Қылмыскердің туысы әрі Ғалияның көршісі полицейлерге жалған ақпарат берген. Қылмыскердің әрекеті дәлелденгенмен ол қамауға алынған жоқ», – дейді Гамбулатова.
Ғалияның айтуынша, олар екі рет бас прокуратура мен аудандық прокуратураға хабарласып, күдіктіні қамауға алуын, істі қадағалауын сұраған.
Іс 2016 жылдың 6 қыркүйеінде жабылған. Ол жайлы зардап шегуші 2017 жылдың 17 қаңтарында ІІМ блогында айтылған соң білген.
«Бас прокуратурада қайта қаралу үшін істің 2017 жылы 3 мамырда аймақтық ішкі істер бөліміне жіберілгенін айтты», – дейді ол.
Тағы да оқыңыз:
Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек