Алматы облысында екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,5 жылға сотталды
Алматы облысы Қарасай аудандық сотында біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
Сурет ҚазАқпарат
“Бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада есін де жимастан көз жұмды. Сотталушы сотта кінәсін толықтай мойындады. Қатты өкінді, кешірім сұрады”, – деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметінде.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Талқылау

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
Инженерлік, су және энергетика, жол құрылысы, көлік, әуе жолдары мен темір жол саласындағы мамандар қажет

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"