Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Осы Алматы облысында болған тағы бір қанды қылмыста жер жастанған марқұмдардың туыстары қылмыскерге ату жазасы тағайындалуын қалайды, деп хабарлайды КТК.

88-дегі кейуана мен оның 51 жастағы қызы және 23-ке енді толған немересінің пышақталған денелері өткен аптада өз үйінен табылған болатын. Айуандыққа барғандар да алысқа бармай ұсталыпты. Ал жақындарынан қапыда айырылған әулеттің мүшелері кеше оларды Қопа ауылындағы қорымға жерлеген.

Бұл жиырма үш жасында жанбай жатып өшкен Бекзат Нашарбекованың соңғы түскен суреттерінің бірі. Күдікті осы қыз үшін қырғынға барған деген мәлімет бар. Бірақ қандай себеппен екені әзірге белгісіз. Қайғылы оқиға болған күні үйдегі 88 жастағы Тазагүл Лақбаева мен қызы Дәния да пышақталған. Қылмыс 23 ші наурызда болыпты. Телефон тұтқасын көтермегеннен күдіктеніп көрші ауылдан келген туыстары мәйітті көріп есеңгіреп, көршілерді көмекке шақырған.

“Куәгер ретінде мәйітханаға апарды бізді. Денесі дегенде өлген қызды ғана көрдік. Бетін екі үш жерден кішкене сызып тіліпті. Қолтығының астынан бес жерден пышақтапты”, – деді көршісі Күміс Бақтан.

Іргесі көтерілгеніне көп болмаған бұл үйге марқұмдар былтыр көшіп келген. Қарашаңырақ Ұзынағаштан 80 шақырым жердегі Қопа ауылында. Анасы мен қарындастарынан қапелімде айырылған Берікхан Лақбаев оларды жер қойнына тапсырды. Кеше ғана мейрамда күліп-ойнап жүрген жақындары енді бір-ақ сәтте төмпешікке айналғаны қабырғасын қайыстырады.

“Азғантай зейнетақы  алады, тонайтындай да ешнәрсесі жоқ. Қарындасым жамбасын сындырып алған. Ол жұмыс істемейді. Бекзат істейді. Ол қанша алады, 50-60 мың алатын шығар. Ату жазасы керек”, – дейді Лақбаеваның ұлы Берікхан Лақбаев.

22 жастағы күдікті көп өтпей ұсталды. Қылмысын жасырып, жәбірленушімін деп жауаптан қашқысы келді ме кім білсін, өзін де пышақпен тілгілепті.

“Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 99 бабына сәйкес басталып жүргізілуде”, – дейді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Бір әулеттің үш адамын өлтірді деген күдікті қазір қамауда. Қанды қылмыстың мән жайы анықталғанша қамауда болады. Ал, қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары аяусыз қылмысқа барған азаматқа өлім жазасы тағайындалуын қалайды.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

Қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының құрылысына тыйым салу керек. СО неге адам өміріне зиян?

Сіздің балаңыз бұл туралы білуі керек: Өрт кезінде аман қалудың үш ережесі

Талқылау