Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны тапшы

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны таптырмай жатыр. Отын таситын жүк көліктердің қарасы күрт азайып, салдарынан пеш жағып күнелткен елдімекендер халқы жаппай көмір базаларының алдын күзетіп жүр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Халық кезекке тұрғанымен көмірдің өзі жоқ.

Қалайда көмір алып қайтуды көздеген жұрт таңғы жетіден кетпей кезекте тұр. Бірақ, олардың бүгінде құр алақан қайтатын түрі бар. Әншейінде аузы-мұрны толып тұратын база қожайындары қыстың нағыз қақылдаған шағында кенеттен пайда болған тапшылықты өзінше түсіндіріп әлек.

Алматыдан аз көмір алып жатырмыз дегеннен басқа есіктің ар жағынан басқа мардымды жауап айтылмады. Ал жер үйде бала-шағасы тоңған жұрт дарбазадан сығалап қалды.

«Бір апта болды көмірге келемін бос кетемін үйге.  Үй суық, балалар тоңып кетті», – дейді Алматы облысының тұрғыны Сардал Тұрылов.

Басқа базаларда да жағдай осы. Сатушылар бұрыш-бұрышта қалып кеткен қалдықты қаспақша қырып беріп жатыр. Көмірге күні қарағандардың бірі -Жәмилә Рыспбекова. Жасы жетпіске таяған әже жаурап, жұртпен бірге көмір базасында жүр.  Тапшылықта тауардың құны өсетін әдеті көмірді айналып өтпеген. Тасымалдаушылар оның құнын тоннасына 16 мың теңгеден 19 мың теңгеге бір-ақ көтеріпті. Бірақ, қолы әрең жеткенде оған қараған халық жоқ. Керісінше, кезек үшін жанжалдасып қалды.Бұл жанжалды естіп, жергілікті билік өкілдері де көмір базарына келген. Бірақ, олардың қолынан көмір үшін қырғын төбелес болдырмаудан басқа іс келмей тұр.

«Алматыда көмір жоқ. Соның салдары енді аудандарға жетті. Алыс-жақын жатқан барлық ауылдық аймақтар көмірді бізден алады. Көмірдің жетіспей жатқаны біздің кінәмізден емес! Көмір жетпейді, жетпейді! Болды», – дейді Есік қаласы әкімінің орынбасары Руслан Бәкиев

Салдарынан көгілдір отыны жоқ тұрғындар сақылдаған сары аязда әрі қарай да көмір іздеп, қоймалардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

Қазір ғана келіп түсірілген 39 тонна көмірден түк қалмады. Адамдар шетінен келіп талап әкетіп жатыр. Дегенмен Алматы облысында дәл осындай 39 тонналық 3 көлік келе жатыр екен. Дегенмен шенеуніктердің айтуынша ол 1 аптаға да жетпейтін көрінеді. Әрі оны талап әкететін кезек сыртта толып тұр. Мұндай тапшылықтың қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз, дегенмен тұрғындарды жылу отынсыз қалғаннын ескерген жергілікті билік әрбір отбасыға шектеулі түрде көмір беруді қолға алып, қазір міне көлік көлікке теңдей бөілп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында сары аурудың белең алу себебі анықталды

Қазақстанда биыл жанармай тапшылығы болмайды

Енді теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуға болады

Атырау облысында дән тиелген бес вагон аударылып қалды

Талқылау