Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауыл мектебін 10 жылдан бері жыландар басып алған

Алматы облысындағы Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылында мектепті 10 жылдан бері жыландар басып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір Ақтүбек орта мектебінде 206 оқушы мен 40 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Жыландар бірінші қабаттағы кішкентай балалар орналасқан орталықтағы бөлмеден шыққан. Мектеп жанындағы шағын орталықта істейтін Айнұр Тұрарованың айтуынша, жылан қызметкерге қарай шапшыған.

«Кәдімгідей ісініп тура қасыма келді. Бір секунд болмағанда шағатын еді. Біз үлкенбіз қашып үлгерерміз, балаларға қиын ғой», – дейді Айнұр Тұрарова. Ақтүбек орта мектебінің директоры осы жайттан кейін 40 баланы екінші қабатқа көшірген. Ата-аналар енді балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр.   «Осы бөлмені сүртіп жатқан кезде жыланның құйрығы қолыма оралды. Қайта басы емес, шошынғаным сонша, қан қысымым көтеріліп, әріптестерімнің қасына жүгіріп бардым. Бұл сұмдық жағдай. Түрлі жыландар шығады. Қарасы, жасылы бар», – дейді қызметкердің бірі Күлмархан Қалиева.

Сұмдық жайттан кейін бірден ғимараттың едендері ашылып, жылан мекен ететін жерлерге арнайы аппарат қойылған, қазір құрылғылар қосулы тұр.   «Біз интернеттен жыландарға қарсы арнайы құрылғы сатып алып, орнаттық. Қауіпсіздік ретінде кішкентай балаларды екінші қабатқа көшіріп алдық. Ал өзім бұл мектепте директор болып қыркүйек айынан бастап істеп жатырмын. Бірақ жыланды өз көзіммен көрмедім», – дейді Ақтүбек орта мектебінің директоры Гүлнәр Тайкенова.

Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Қайрат Тұрлыбеков те жыланды өз көзімен көрмегенін айтады.   «Жылан келген шығар. Енді ақылдасып, күрделі жөндеу өткізетін болсақ, едендердің бәрі жабылатын болса, сол кезде бұл тіршілік иелері кететін шығар деп ойлаймын», – дейді Қ. Тұрлыбеков. Тұрғындар мектептің ішінде жыланның ордасы бар деп үрейленеді. Себебі мектептен жыландардың шыға бастағанына 10 жылдан астам уақыт болған.

Тағы да оқыңыз:

Көлікті сат та, қарызыңнан құтыл: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған

“Біз қазақпыз!” Назарбаев демократиясын тықпалаған батысқа не деп жауап беретінін айтты

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Талқылау